|  | 

Редактор бағаны

Мезгілсіз ҰБТ-лар туралы

Жекеме көптен бері ата-аналар мен түлектер тарапынан көп келетін тағы бір сұраққа жауап бере кетуді жөн көрдім.

Өткен жылдан бастап ҰБТ-ны бес мәрте тапсыруға болады, оның төртеуі (қаңтар, наурыз, шілде, тамыз айларында тапсыратындары) тек ақылы оқуға түсушілерге арналған. Ал, мемлекеттік грантқа түсу үшін тек маусым айындағы ҰБТ сертификаты жарамды.
Енді, ата-аналар мен түлектер осы «Қаңтар, наурыз айында тапсыратын ақылы ҰБТ-ға тапсырудың пайдасы бар ма? Әлде…» деген сұрақты көп қояды.
Бұл ақылы ҰБТ-ларды тапсырудың меніңше еш пайдасы жоқ. Себептері төменде.

Біріншіден, баланың басын қайта-қайта ауыртып керек емес. Қобалжытпай тек маусымға тыңғылықты дайындалу керек.

Екіншіден, ақылы бөлімге егер шектік балдан асқан жағдайда маусым айындағы тегін ҰБТ сертификатымен де түсе аласыз. негізі 140 балдан шектік 55 балды алудың түк те қиындығы жоқ.

Үшіншіден, егер дәл сол кезде шекті балды ала алмай жатсаңыз, онда одан кейін тамыз айында да ақылы тапсыратын мүмкіндігіңіз бар, онда не асығыстық? Бірінші дайындықты дұрыстап, мемлекеттік грантқа неге үміттеніп көрмеске? Оның үстіне қазір грант көп, мүмкіндік көп.

Төртіншіден, «өзімді бір сынап көрсем» дегендер үшін онсыз да мектепте, дайындық курстарында аптасына сынақ тесттер жазуға болады, ол үшін ақылы түрде, бір жерге уақыт шығындап барып тапсырудың қажеті жоқ. Өз деңгейіңді сынайтын онлайн, офлайн мүмкіндіктер жеткілікті.
Әрі, «осы ақылы ҰБТ-да жоғары балл алып, ертең тегін ҰБТ-да төмен балл алып қалсам, ақылы ҰБТ сертификатымен грантқа үміткер болып қалам ба?» деген жалған идеядан аулақ болыңыздар. Мемлекеттік гранттың конкурсына тек маусымдағы ҰБТ-ның сертификаты ғана жарамды.

Сізді мазалаған тағы қандай сұрақ бар? Заң шеңберінде жауап беруге тырысайық.
Барша түлектерге сәттілік тілеймін, дайындықтарыңыз жүйелі һәм тыңғылықты болсын!

Республикалық QAZBILIM ортаылғы директоры Аятжан Ахметжанұлы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • ҰБТ-2020 туралы 10 маңызды ақпарат!  

    ҰБТ-2020 туралы 10 маңызды ақпарат!  

    Әлемді індет жайлаған жыл ретінде тарихқа жазылатын 2020 жыл арпалысқа толы болып тұр. Қазақстан тарихында тұңғыш рет жалпыға міндетті білім қашықтан оқыту форматында іске асты. Мемлекеттер арасында рейстер жабылып, қаншама студенттер бірі үйіне, бірі университеттеріне жете алмай қиналуда. Ал, өзімізде жоғары оқу орнында білім алушылар онлайн мемлекеттік емтихан тапсырып, онлайн диплом қорғауда. Ал, мектеп түлектері

  • Білім & бизнес. Үш апталық онлайн курс өтеді.

    Білім & бизнес. Үш апталық онлайн курс өтеді.

    Орталық ашу оңай ма? Білім саласында бизнес жасағыңыз келе ме? Бизнесіңізді дамытқыңыз келе ме? Бастапқы деңгей: Кімдерге арналады? — Білім саласында бизнес жасау ойында бар, бірақ бастай алмай жүргендерге; — Білім беру орталықтарын ашу ойы барларға; — Ақылы онлайн олимпиада, оқушылар арасында конкурс жасағысы келетіндерге; — Білім саласында журнал, сайт, газет ашқысы келетіндерге. Не үйретіледі?

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog