|  | 

Жаңалық

Елорда оқушылары әмбебап картаны пайдалана алады

Елорда әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова мектеп оқушыларына арналған әмбебап карта туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Автобуспен жүру, мектептегі турникеттен өту, асханада түскі ас ішу секілді қызметтерді бір картаның көмегімен алуға болады. Өткен жылдың қарашасынан бастап № 59 мектепте тамақтану бойынша қолма-қол ақшасыз есептесудің автоматтандырылған жүйесі тұрғысында қанатқақты жобаны енгізуге кірістік. Енді ата-аналар балалардың сатып алған тағамдарын қадағалап, тексере алады, сондай-ақ тәуліктік лимитті орнатуға мүмкіндік бар. Мұнымен қоса, карта арқылы мұғалімдер баланың мектепке қашан келгенін және шыққанын көреді», — деп жазды М. Бектұрова  өзінің Telegram каналында.

Оның айтуынша, асханадағы POS-терминалдар оқушылар туралы ақпаратты саралайды, яғни қандай өнімдер баланың аллергиясын тудыратыны, оқушының күндізгі лимиті және басқа да мәліметтер қамтылады. Терминал smart-schools.kz ақпараттық порталымен біріктірілген. Жүйеде 3 000 астам карта тіркелген.

Атап айтқанда, бұл қанатқақты жоба, сондықтан барлық ұсыныстар мен кемшіліктер ескеріліп, түзетіледі. Сонымен қатар, жүйе AstraPlat жол жүру карталарын пайдаланады.

«1 сәуірден бастап тағы да 34 мектеп аталған жаңа жүйеге қосылды. Оқушы QR-кодты сканерлеу арқылы немесе Астана LRT картасын асханадағы арнайы терминалға жақындату мүмкіндігімен түскі астың ақысын төлей алады», — деді әкімнің орынбасары.

Оқушыларды сәйкестендіру үшін бірнеше ақысыз нұсқаларды пайдалануға болады: мобильдік қосымша; Astana LRT картасын байланыстыру; фотосурет пен жедел QR-кодты белгілеу арқылы оқушылардың қорғалған жеке картасы.

«Бұл тұғырнамаға Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық мектептердә 1 қыркүйекке қарай қосу жоспарланып отыр», — деді Мәлика Бектұрова.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады

    Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтарды артық шаруадан босату жұмыстары туралы айтып берді. «Педагог жұмысының сапасы оқушылардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, педагог артық шаруамен айналыспауы керек. Балалардың білімі мен тәрбиесіне жұмыс істейтінін түсінуі керек. Сондықтан, біз әрі қарай педагог мәртебесін көтеруді, әріптестерімізді қолдау мен дамыту үшін жағдай жасауды жалғастырамыз», — деді

  • Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    «ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстары жалпы бүгінгі күні аяқталуға жақын. Тестілеу материалдары 100 пайыз басылып шығарылды. Барлық аудиториялар тиісті құрылғылармен 100 пайыз жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттеріне бейне көрсетілім маниторлары да орнатылып бітті», — деді министр. Оның атап өтуінше, ҰБТ өткізу бойынша барлық құзырлы органдардың жауапкершілігіне қатысты ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов тиісті міндеттерді бекітті. «Біріншіден, Ішкі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog