|  | 

Жаңалық

Елордада биыл 12 мектеп пайдалануға беріледі

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, қазіргі таңда елорда меткептерінде 185 мың бала оқиды.

«Көктемде 9 мың бала мектепті аяқтаса, қыркүйек айында 22 мың бала бірінші сыныпқа келді. Ал 14 мектептегі оқушылар шамадан артық болып отыр. Бұл мәселелерді шешу мақсатында 2019 жылы бес мың орынға 6 мектеп салынды. Осы арқылы үш ауысымда оқитын үш мектептің мәселесі шешілді. Биыл 10 мың орынға арналған 12 мектептің құрылысын аяқтауды және 12 мың орындық 8 нысанның құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз», — деді Алтай Көлгінов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қала әкімінің айтуынша, аталған 8 үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі.

«Сонымен қатар, жеке инвесторлар есебінен мектептерді салу жағы қарастырылды. 24 мектептің құрылысы жөніндегі инвестициялық жобалар қолдау тапты», — деді ол.

Оның айтуынша, қалада инклюзивті білім беретін сыныптары бар мектептердің саны бүгінгі таңда 64-ке жеткен.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және  ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді

    Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді. «6 сәуірде басталатын IV тоқсанда мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқитыны белгілі. Министрлік қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты ақпараттандыру жұмыстарын БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы үздіксіз жалғастырып келеді. Бүгін сағат 15:00-де Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомстваның әлеуметтік

  • Елімізде қандай мектептер штаттық режимде жұмыс істейді?

    Елімізде қандай мектептер штаттық режимде жұмыс істейді?

    Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықтан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды. Оқушыларды қашықтан оқытудың төртінші тетігі – штаттық режимде оқу. Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп бар. Олар шалғайда орналасқан, 80-100 аралығында оқушы оқитын мектептер. Ол жақта коронавирус қаупі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog