|  |  |  | 

Жаңалық Оқушы Үздік

Елбасы қорында Қазақстанның үздік оқушылары марапатталды

Бүгін Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының «Ел үміті» жобасының белсенді қатысушылары — республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.
«Ел үміті» — Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған қордың жаңа жобасы. Жоба еліміздің дарынды балалары мен жастарын іздеп-тауып, оларды қолдап, ғылыми және шығармашылық белсенділігін ынталандыруға бағытталған.

«Ел мақтанышы» сыйлығы аталған кешенді жобаны жүзеге асырудағы ауқымды жұмыстың бірі болып табылады. Еліміздің әр өңірінен математика, физика, информатика, биология, лингвистика, химия пәндері бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізген жас дарындар және олардың тәлімгерлері мен ұстаздары бүгін аталған сыйлықтың лауреаты атанды», делінген хабарламада.

Халықаралық дәрежедегі олимпиадалардан алтын, күміс және қола медаль алған оқушыларға Елбасы қорының атынан дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

«Кеше Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алтын медаль иегері — Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (Алматы қ.), халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Батыр Сардарбеков пен оның тәлімгері — Қазақстандық ұлттық информатика командасының жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов 2 миллион теңге көлеміндегі сертификат алды», делінген хабарламада.

Күміс сыйлыққа әрқайсысы 1 миллион теңгеден, қола медаль үшін 500 мың теңгеден сертификаттар берілді.

Бұл медальдардың иегерлеріне сертификаттарды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев табыстады.

«Қазір терең білім алып, халықаралық жарыстарға қатысуға тамаша мүмкіндіктер өте көп. Мұндай мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Осы ретте Елбасы қоры «Ел Үміті» бастамасы аясында жас таланттарды қолдайды, жастарды ынталандырады және жаңа биіктерді бағындыруға көмектеседі», — деді Әсет Исекешев.

 

Қордың атқарушы директоры жас таланттарды мұнымен тоқтап қалмауға, білімге ұмтылып, жаңа жетістіктерге жетуге шақырды. Ол студенттердің бүгінгі жетістігі — Қазақстанның табысты болашағының кепілі екенін атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

  • ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    Кезекті ҰБТ еліміз бойынша 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді. Оған рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы – биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12% төмен болғанын атап өткен жөн. 2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 161 пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өту барысын қадағалау мақсатында қалалар мен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog