|  | 

Редактор бағаны

Екінші президент, он алтыншы министр…

Төрт ай бұрын бүгін экс атанып отырған зейнеттегі апам келгенде айтқан едім, «сәтті тағайындау, бірақ көп ұзамай зейнетке кетеді» деп, айтқанымдай болды.
Ал, осы жолы «шынымен сәтті тағайындау» деп айта аламын. Өз басым Бірғаным Әйтімовадан бергі министрлердің бәрінің тағайындалуына куә болып келе жатсам да, тұңғыш рет осы тағайындауға шын қуанып отырмын.
Себебін талдап көрейін, біріншіден, Асхат Аймағанбетов — Қарағанды облысы білім басқармасы басшысы, Сағадиев тұсында министрлікке сыймаған қабілетті вице-министр ретінде жақсы танимын. Білім саласының әр басқышынан өткен білікті кадр деп айта аламын.

Екіншіден, біреулер секілді жолдан қосылған бизнесмен, басқа емес, осы күнге дейін білігімен көрінген басшы.

Үшіншіден, күні ертең 14 маусымда 37 жасқа толатын жас министрді «көп балалы отбасынан шыққан, өз еңбегімен өрлеген» дейді білетіндер. Мен де арыны қатты болады деп сенемін.

Төртіншіден, вице-министр кезінде әлеуметтік желіде отырып, қойылған сұрақтың біразына ашық жауап беріп отыратын еді. Бұл ашықтығын жалғастырады деген үміттемін.

Сағадиев тұсында ноқтаға басы сыймай, облысқа әкім орынбасары болып кетіп еді. Қазір тергеуде жатқан сол кездегі вице-министр Суханбердиевалар көлеңкесінен қорыққан жас жігіт білім саласына серпін әкеледі деп сенемін.

Шыны керек, бұл тағайындау — мені жаңа президент туралы жақсы идеяға жетектеді. Иә сәт. Үкіметке осындай білікті, былғанбаған жастар келіп, жаңа дәуірге аяқ басамыз деп үміттенемін.

Жаңа министрге айтар жалғыз өтінішім — білім саласындағы жемқорлықты тазаласа. Кешегі ұлттық тестілеу орталығының қос басшысы, әр жолғы сотталған вице-министрлер бұл саладағы ауыр хәлді көрсетеді. Білім және ғылым саласы жемқорлықтан тазармаса, ел ешқашан ілгері баспайды.

Аятжан Ахметжан. Республикалық «QAZBILIM» орталығы директоры

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • ҰБТ-2020 туралы 10 маңызды ақпарат!  

    ҰБТ-2020 туралы 10 маңызды ақпарат!  

    Әлемді індет жайлаған жыл ретінде тарихқа жазылатын 2020 жыл арпалысқа толы болып тұр. Қазақстан тарихында тұңғыш рет жалпыға міндетті білім қашықтан оқыту форматында іске асты. Мемлекеттер арасында рейстер жабылып, қаншама студенттер бірі үйіне, бірі университеттеріне жете алмай қиналуда. Ал, өзімізде жоғары оқу орнында білім алушылар онлайн мемлекеттік емтихан тапсырып, онлайн диплом қорғауда. Ал, мектеп түлектері

  • Білім & бизнес. Үш апталық онлайн курс өтеді.

    Білім & бизнес. Үш апталық онлайн курс өтеді.

    Орталық ашу оңай ма? Білім саласында бизнес жасағыңыз келе ме? Бизнесіңізді дамытқыңыз келе ме? Бастапқы деңгей: Кімдерге арналады? — Білім саласында бизнес жасау ойында бар, бірақ бастай алмай жүргендерге; — Білім беру орталықтарын ашу ойы барларға; — Ақылы онлайн олимпиада, оқушылар арасында конкурс жасағысы келетіндерге; — Білім саласында журнал, сайт, газет ашқысы келетіндерге. Не үйретіледі?

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog