|  |  |  | 

Жаңалық Оқушы Үздік

Дәурен Абаев дарынды оқушыларды атады

Қызылордалық 12-сынып оқушысы Әлихан Шәкіман жел генераторының 3D-үлгісін ойлап тапқан. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«10-сынып оқушысы Әлихан Рахметов көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған «ақылды» таяқ ойлап тапты. Таяқтағы арнайы сенсорлар кедергілерді қашықтықтан анықтап, сигналды динамикке жібереді. Ол өз кезегінде 4 мың герц жиілігімен дыбыс шығарады. Тіпті қаладағы шу арасында да анық естіледі», — деді министр.

Ал, қызылордалық 12-сынып оқушысы Әлихан Шәкіман жел генераторының 3D-үлгісін ойлап тапқан. Оның құрылысы баламалы энергияны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Өндірілген электр қуаты тұтас шағын ауданды қамтамасыз етуге жеткілікті.

«Ақтөбелік оқушы Нұрдәулет Таумергенов мылқау кісілерге арналған қолғап ойлап тапты. Ол телефондағы арнайы бағдарлама арқылы ишаратты ауызша сөйлеу тіліне аударады. Егер екі қолғапты қолдансаңыз, 1 024 сөзді синтездеуге болады. Мұндай балалар көп. Оларды тәрбиелеген өз еліміздің азаматтары, олар – мемлекеттік саясаттың, Елбасы саясатының, Президент саясатының нәтижесі және олар өз елін сүйеді. Сондықтан біздің жобаларымыз жұмыс істеп, нәтижелерін беруде. Жастар жылы – бұл мемлекеттің өз болашағына қосқан үлесі және біздің балаларымыз, жасөспірімдеріміз осы жолдағы барлық шығындарды еселеп қайтаратынына, үмітімізді ақтарына сенімдімін», — деді Дәурен Абаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

  • ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    Кезекті ҰБТ еліміз бойынша 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді. Оған рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы – биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12% төмен болғанын атап өткен жөн. 2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 161 пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өту барысын қадағалау мақсатында қалалар мен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog