Сайт жасау
 |  | 

Жаңалық

Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін арттыру қажет — Президент

Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Ғылыми жетекші орталықтарымызға докторантурадан кейінгі ізденіс үшін арнаулы мемлекеттік тапсырыс беру қажет», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сонымен қатар докторантураға бөлінетін гранттардың құнын арттыру керектігін баса айтты.

«Докторанттардың көбі отбасылы азаматтар. Олар ғылыммен айналысқан кезде стипендиямен күн көреді. Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Сонымен қатар Елбасының жас ғалымдар үшін жыл сайын грант бөлу жөніндегі бастамасын жалғастырған жөн. Оның алдағы үш жылға арналған жалпы көлемі 3 млрд теңге болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсандағы сабақтарды қашықтан оқиды

    Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсандағы сабақтарды қашықтан оқиды

    Үкімет отырысында сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басты басымдық – балалар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығы екенін жеткізді. «Осыған қарай келесі шешімдерді ұсынамын: біріншіден, шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебіндегі 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқыту форматында өткізу», — деді ол. Өз

  • Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog