|  | 

Жаңалық

Депутат қазақ тіліндегі оқулықтардың қателерін тізіп берді

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл білім министрінің атына сауал жолдады.

Оның айтуынша, қолданыстағы оқулықтардың басым бөлігі орыс мектебінде оқитын шәкірттерге арналған. Онда көрсетілген мысалдар да соған бейімделген. Соның бәрі қазақ тіліне аударылғаннан кейін оқушыны былай қойғанда, ұстаздар үшін де көп қиындық туғызады.

«Өкінішке қарай, республикамыздың ең таңдаулы педагог мамандары, ұстаздар мен әдіскерлерден құралған білікті комиссия таңдаған кейбір оқулықтар өтпей қалып жатады. Дәлел ретінде бірнеше мысал келітіре кетейін. «Мектеп» баспасынан шыққан 7-ші сыныптың физика пәні оқулығының авторлары — Тоқбергенова мен Кронгарттың орыс және қазақ тілдеріндегі оқулықтарында көптеген мәтіндік сәйкеспеушіліктер кездеседі. Мысалы, қазақ тіліндегі оқулықтың 109-шы бетіндегі жаттығуда «бала бәтеңкесі табанының ауданы» деп берілуі керек мәтін «бала бәтеңкесінің ауданы» деп берілген. 120-шы бетте атмосфералық қысым тақырыбындағы 4-37 суретте көрсетілген тәжірибенің түсініктемесінде «колбадағы аздап жеңілдейді» деп жазылуы керек сөйлемнің орнына «колбадағы аздап ауырлайды» деп жазылған», — деді Б.Смағұл бүгінгі пленарлық отырыста.

«Алматы» баспасынан шыққан математикадан қазақ тіліндегі оқулықта да қателер аз емес. Ұлттық валютаны «теңге» деп жазудың орнына «KZ» деп көрсете салған.

«Сосын бір есепте «шаңғышы мен велосипедшінің ұшу жылдамдығын анықта» делінген. О заман да, бұ заман, велосипедші мен шаңғышының ұшқанын көрген жоқпыз. 125-ші беттегі суреттің астында «Асфендияров Санжар Жапарұұ» деп жазылған, дұрысы — Асфендияров Санжар Жапарұлы. 135 бет, 5-ші тапсырмада Дори, Нори, Ори деген қазаққа жат есімдермен мысалдар келтірген. Жаттығуға мысал болатын қазақтың аты жоқ па? 7-ші тапсырмада «вид транспорта» деген артық сөз жүр», — деп атап көрсетті Б.Смағұл.

Бұдан бөлек, 4-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу кітабында YouTube-тен мультфильм көруге тапсырма берілген. Ал бір тапсырмасында «Рататуй» деген шетелдік мультфильмін көріп, оның мазмұнын айтып беруге міндет қойылып отыр.

«Оның орнына төл тілімізде берілген туынды жоқ па? «Рататуй» сынды мультфильмдерді оқулықта жарнамалаудың еш қажеті жоқ. Біз келтірген мысалдар бір-екі оқулықтан ғана, бұдан бөлек, грамматикалық әрі теxникалық қателер көп», — деді Б.Смағұл.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады

    Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтарды артық шаруадан босату жұмыстары туралы айтып берді. «Педагог жұмысының сапасы оқушылардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, педагог артық шаруамен айналыспауы керек. Балалардың білімі мен тәрбиесіне жұмыс істейтінін түсінуі керек. Сондықтан, біз әрі қарай педагог мәртебесін көтеруді, әріптестерімізді қолдау мен дамыту үшін жағдай жасауды жалғастырамыз», — деді

  • Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    «ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстары жалпы бүгінгі күні аяқталуға жақын. Тестілеу материалдары 100 пайыз басылып шығарылды. Барлық аудиториялар тиісті құрылғылармен 100 пайыз жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттеріне бейне көрсетілім маниторлары да орнатылып бітті», — деді министр. Оның атап өтуінше, ҰБТ өткізу бойынша барлық құзырлы органдардың жауапкершілігіне қатысты ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов тиісті міндеттерді бекітті. «Біріншіден, Ішкі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog