|  |  | 

Білім жарысы Жаңалық

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды Қазбілім primeminister.kz сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №868 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын берілді.

Айта кетерлігі, сыйлық жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін жастарға беріледі.

«Эстрада» номинациясы бойынша

Әділхан Құрманғалиұлы Макин — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 3-курс студенті

Марат Төреханұлы Айтімбай — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының солисі, конферансье

«Классикалық музыка» номинациясы бойынша

Данара Ерұланқызы Мұсахан — Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Музыкатану және композиция» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD)

Әзімбек Қалдыбекұлы Жамбаев — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 1-курс магистранты

«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша

Мейірбек Бектұрсынұлы Сұлтанхан — айтыскер

Жарас Болатұлы Сатыбалдиев — «Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әртісі, дирижер

«Әдебиет» номинациясы бойынша

Жадыра Төкенқызы Байбұланова — «Хабар агенттігі» акционерлік қоғамы «Хабар 24» телеарнасының редакторы

Бекзат Болатжанұлы Смағұлов — Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті музыка өнері басқармасының сарапшысы

«Театр және кино» номинациясы бойынша

Алтынгүл Ерболқызы Серкебаева — Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының актрисасы

Аян Өмірәлі Өтепберген — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының актері

«Спорт» номинациясы бойынша

Элизабет Байтаққызы Тұрсынбаева — мәнерлеп сырғанаудан 2019 әлем вице-чемпионы, Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері, қысқы Универсиада-2019 күміс жүлдегері

Қамшыбек Бисенбайұлы Қоңқабаев — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының капитаны

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша

Айжан Қуанышәліқызы Жүзбай — «Жүзбай дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, бас дизайнер, «Қазақ сән қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

Сырым Еламанұлы Мүсіреп — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Мүсін» мамандығы бойынша 4-курс студенті

«Журналистика» номинациясы бойынша

Мырзабек Нағашыбекұлы Түсіпов — «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының «Хабар» телеарнасы бағдарламалар өндірісі бөлімінің редакторы

Айбек Серікұлы Тасқалиев- Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» газетінің тілшісі

«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша

Нұрсұлтан Құдайбергенұлы Ибрагимов — «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас хатшысы

Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы — «Қазақстанның студенттер альянсы» республикалық студенттік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті

«Ғылым» номинациясы бойынша

Қанат Нұрлан — Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілетті өкілінің бағыты бойынша «Біріккен ядролық зерттеулер институты» халықаралық үкіметаралық ұйымын Н. Н. Боголюбов атындағы теориялық физика зертханасының кіші ғылыми қызметкері

Ерасыл Ерланұлы — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Физика-техникалық факультеті плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының 2-курс PhD докторанты.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 2019 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 600 мың теңге сомасында белгіленген.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

  • ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    Кезекті ҰБТ еліміз бойынша 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді. Оған рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы – биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12% төмен болғанын атап өткен жөн. 2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 161 пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өту барысын қадағалау мақсатында қалалар мен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog