|  | 

Ұстаз

Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Жүніс Омар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөз етілген білім саласына байланысты өз пікірін білдірген еді.

Ұлттық қоғамдық сенім  кеңесінің  үшінші отырысы  пандемияға байланысты онлайн-форматта өткені баршамызға  мәлім. Онда  мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп, жиында   адам  капиталын дамыту, білім беру, денсаулық  сақтау мәселелері талқыланды. Президент  еліміз  коронавирус  пандемиясының  шарықтау  шегінен өткенімен, індетпен күрес  әлі  аяқталмағанын  атады, — деді ол.

Сонымен қатар, ол президенттің алдағы уақытта білім саласына  бөлінетін қаражат алты есеге,  ғылымға бөлінетін қаржы  жеті есеге өсіретінін айтып өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев  отырыстың күн тәртібі туралы  айта  келіп, білім беруді және  ғылымды  дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік  бағдарламасы  бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта  зерделеу қажеттігіне назар аударып, осы мерзімге  дейін білім саласына  бөлінетін қаражат алты есе,  ғылымға бөлінетін қаржы  жеті есе  өсетінін айтты, — деді Жүніс Омар.

Сонымен қатар, педагогтар мәртебесі артып, грантқа  бөлінетін қаржы  үш есе  көбейеіп, медицина қызметкерлерін  қолдау  күшейетіндігін айта кетті.

Қазақстанның  білім саласына бөлетін қаржысы жеткіліксіз екенін, соның салдарынан білім беру сапасы мен  мектеп инфрақұрылымы дамыған елдермен салыстырғанда  әлдеқайда  кенжелеп қалғанын айтпасақ та көпшілікке белгілі. Жағымды  хабар елдегі білім мен  ғылымның дамуына  үлкен серпін болмақ. Бұл келешек ұрпақтың  жақсы білім алып, білікті маман атануына, ұстаздар қауымы беделінің арта түсуіне  зор мүмкіндік  ашпақ, — деді Жүніс Омар.

Меңсұлу ЕЛАМАНҚЫЗЫ
www.baq.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қарағанды облысында «Жыл мұғалімі» анықталды

    Қарағанды облысында «Жыл мұғалімі» анықталды

    Қарағандыда «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Өңір әкімінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, байқауға қатысуға облыс бойынша барлығы 34 педагогтан өтінім түскен. Олардың 12-сі ғана финалға өтті. «Жыл мұғалімі» байқауы үш кезеңнен тұрды. Біріншісі аудандар мен қалалар деңгейінде өтті. Келесі кезең — «Мұрагер» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында, «Дарын» мектеп-интернатында және № 93 гимназияда сабақтар мен сыныптан

  • Маңғыстау облысында үздік мұғалімдер марапатталды

    Маңғыстау облысында үздік мұғалімдер марапатталды

    Бүгін «Абай» мәдени кешенінде Ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі педагогтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ұрпақ тәрбиелеуге қосқан зор үлестері үшін алғысын білдірді. — Алдағы уақытта жаңа заң аясында мұғалімдердің жалақы мөлшерін ұлғайту, қосымша еңбек үшін үстемеақы төлеу, заңсыз тексерістерді болдырмау жүйелі жолға қойылады. Мұғалімнің ар-ұжданы мен қадір-қасиетін қорғау, болашақ іргесі – білімді

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog