|  | 

Керекті кеңес

Білім министрі: Мұғалімдер жазда демалуы керек

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру жұмысы туралы пікірін білдірді.

«Балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, сауықтыру мәселесі өте маңызды. Бұл ретте, есімізден бір мәселе шықпауы тиіс, бастысы — балалардың денсаулығы. Өңірлердің өздері эпидемиологиялық ахуалға сәйкес шешім қабылдайды. Қауіпсіз болса ғана мәселені шешу керек. Балаларды қалай болса да сауықтыру орталығына жіберу қажет деген сөзді ешкім қозғап отырған жоқ. Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігі бірінші орынға қойылсын», — деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында.

Министрдің айтуынша, жылда мұғалімдер ата-аналардан әртүрлі қолхат алатын дәстүр бар.

«Ол қаншалықты дұрыс? Ата-аналар онсыз да өз балалары үшін жауапты. Ешқандай қолхат қажет емес. Жаз айында мұғалімдер демалуы тиіс. Ата-аналардан «балаларымызға өзіміз жауаптымыз» деп қолхат алу – ойға қонымсыз мәселе. Оны тоқтауымыз керек. Бұл мәселені мектеп басшыларына жеткізген абзал», — деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog