|  | 

Жаңалық

Білім министрлігі бірқатар басшыға жаза белгіледі

Педагог мәртебесі туралы» Заңы және ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы аясында Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының м.а. педагогтерден артық есеп беруді талап еткен. Сондай-ақ, Түркістан облысының орта мектеп директоры педагогке өзінің қызметіне жатпайтын функцияларды жүктеген.

«Мұғалімдерге қосымша ақы мен еңбек демалысының ақысы уақтылы төленбегені үшін Шығыс Қазақстан облысында мектеп директоры және аудандық білім бөлімінің меңгерушісіне тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ, мектеп жөндеуге қаражат жинау фактісі бойынша Павлодар қаласының мектеп директоры жауапқа тартылды», — делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында.

ҚР Білім және ғылым министрлігі педагогтердің құқықтары бұзылған жағдайда аумақтық департаментке хабарласқан жөн екендігін еске салады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog