|  | 

Жаңалық

Білім беру саласы сынақ полигоны сияқты

Әр министр келген сайын бір реформа! Білім беру саласы сынақ полигоны сияқты. Тәуелсіздіктің 27 жылы ішінде білім саласына жасалған реформаларды санасаңыз саусағыңыз жетпейді. Ал оның салдары туралы айтпай-ақ қояық. Кеше Қарағанды халқымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев осы реформашылдықты сынға алды. Әрине, осы 30 жылғы реформалар біздің білім жүйемізді дамыған елдер санатына сүйреп алып шыққан болса қанеки. Бірін — бірі жоққа шығаратын реформалардан ұстаздар қауымы да шаршаған. Айлық жалақылары да төмен. Соның кесірінен білікті ұстаздар қатары да кеміп кеткен.

Осы мәселеге ерекше тоқталған Қ.Тоқаев «Қазақстанның мұғалімдерінің ерен еңбектері құрметтеуге лайықты. Алайда ұстаздардың айлық жалақыларының деңгейі ең төменгілердің қатарында болып келді (республикалық орташа еңбекақы деңгейінің 66%-ы). Ендігі жерде ұстаздардың еңбектеріне ақы төлеу жүйесі қайта қаралады. Бұл Елбасы Жолдауында айтылды. Тынымсыз еңбектері үшін педагогтарды ынталандыру – дұрыс білім берудің басты кепілі. Мектеп мұғалімінің беделін де осылай көтеру қажет. Мұғалімнің орташа еңбекақысы басқа еңбек салаларына қарағанда анағұрлым төмен болып тұрған кезде мектепке дарынды, кәсіби деңгейі жоғары жас мамандарды тарту қиынға соғады» , -деді.

Әділбек Қаба
«Қамшы» сілтейді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog