|  | 

Жаңалық

Бюджет қаржысын жымқырған Доссор мектеп-интернатының директоры сотталды

Атырау облысындағы Доссор мектеп-интернатының директоры бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Қазбілім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шәріпов атындағы Доссор мектеп-интернатының директоры Б.Бұйрашева, шаруашылық мәселелері жөніндегі директор орынбасары Г.Күбиева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Б.Файзуллинаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Олар бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Олар қызметкерлердің шотына артық мөлшерде жалақы аударып келген. Кейіннен сол қаражатты жинап алып, өздерінің жеке қажетіне жұмсаған. Сонымен қатар, Б.Бұйрашева қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, «ҚАЖ» және «Мәженов» жеке кәсіпкерлерімен генератор және жылыту қазандығын жеткізу жөнінде келісім жасаған. Техникалық сипаттамаға сай келмейтін және толық емес тауарларды қабылдаған. Келген шығын — 3,5 миллион теңге» делінген хабарламада

12 қарашада Мақат аудандық сотымен Б.Бұйрашеваға — 1 жыл, Г.Күбиеваға — 2 жыл және Б.Файзуллинаға 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Бұл тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр

    Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім жәні ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog