|  | 

Жаңалық

Биыл елорданың сол жағалауында қанша мектеп салынады

Елорданың сол жағалауында биыл 4 мемлекеттік мектеп салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов айтты.

Биыл Есіл ауданында 4 мемлекеттік мектеп ашылады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. 2 мектеп 1 қыркүйекке дейін, ал тағы 2-еуі жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы да мектеп салу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Аталған бағдарлама аясында құрылысы жүргізілетін 10 мектептің бесеуі сол жағалауда салынады», — деді ол Facebook-тегі Астананың адалдық алаңы парақшасында өткен онлайн брифинг барысында

Оның атап өтуінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоспарланған мектептердің бірі Үркер шағын ауданында, ал қалған 4-еуі Есіл ауданының әр жерінде бой көтереді.

«Олар бірегей, жаңа форматта салынатын болады және 2 мыңға дейінгі аралықта орынға шақталған. Family Village тұрғын үй кешені тұсындағы 1 200 орындық мектепті пайдалануға беріп, жол түсірдік. Ол өткен жылдың қарашасында ашылғанмен көлік қатынауы қиындық туындатқан едік. Сондықтан бұл білім ордасы биыл толыққанды жұмысын бастайды. Сығанақ-Сауран көшелерінің, Қорғалжын тас жолы мен Шыңғыс Айтматов көшесі қиылысындағы мектептерді де биыл салып бітіруді жоспарлап отырмыз. Саран шағын ауданында да мектеп салынады. Бірақ, нақты мерзімін айта алмаймын. Өкінішке орай, пайдалануға берілу мерзімі созылып барады. Дегенмен, мердігер желтоқсанға қарай бітіретіндігіне уәде беріп отыр», — деді Берік Жәкенов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    «ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстары жалпы бүгінгі күні аяқталуға жақын. Тестілеу материалдары 100 пайыз басылып шығарылды. Барлық аудиториялар тиісті құрылғылармен 100 пайыз жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттеріне бейне көрсетілім маниторлары да орнатылып бітті», — деді министр. Оның атап өтуінше, ҰБТ өткізу бойынша барлық құзырлы органдардың жауапкершілігіне қатысты ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов тиісті міндеттерді бекітті. «Біріншіден, Ішкі

  • Асқар Мамин ҰБТ өткізу жайында: Ең басты міндет — балалардың қауіпсіздігі

    Асқар Мамин ҰБТ өткізу жайында: Ең басты міндет — балалардың қауіпсіздігі

    Ұлттық бірыңғай тест өткізу барысында балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты. «Бұл мәселе өте маңызды. 20 маусымнан бастап түлектер ҰБТ тапсыра бастайды. Оған 131 мыңнан астам оқушы немесе өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық түлек қатысады. Қалыптасып отырған жағдайды ескерсек, ҰБТ дәстүрлі режимде, бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog