|  |  | 

Керекті кеңес Редакция таңдауы

Биыл гранттың көлемін 31 мыңнан 36 мыңға дейін ұлғаяды.

Биыл гранттың көлемін 31 мыңнан 36 мыңға дейін ұлғаяды, бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ақмола облысының педагогтарымен кездесуде айтты, — деп хабарлайды Қазбілім порталы тілшісі «ҚазАқпарат» -қа сілтеме жасай отырып.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған негізгі басымдықтарды  түсіндіру мақсатында Ақмола облысына келген ақпараттық-насихат тобының мүшесі ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Көкшетауда облыстың әр өңірінен жиналған 80-нен астам ұстазбен кездесті. 

Кездесуде министр ҰБТ форматының өзгеруіне байланысты өткен жылы 17 мың түлектің жоғары білім алуына мүмкіндік алғанын атап өтті. Сонымен қатар, биылғы жылы да ЖОО бөлінетін гранттын көлемін арттыру көзделгені сөз болды.

«Бакавалариатқа бөлінетін гранттың көлемін 31 мыңнан 36 мыңға дейін, магистранттар 7 мыңнан 10 мыңға дейін және PhD екі есеге дейін ұлғаяды», деді министр.

Сонымен қатар, Ерлан Сағадиев өткен жылы еліміз бойынша барлығы 75 мың мұғалімінің жаңа мазмұн бойынша оқығанын айтты. «Электронды күнделік» жүйесі еліміздегі мектептердің 50 пайызына енгізіліп отыр. Жаңа жүйе мұғалімдерге «онлайн» режимде баға қоюға, ата-аналарға  балаларының үлгерімін бақылауға мүмкіндік бермек. Қазірдің өзінде елімізде 770 мың ата-ана  осы жүйені пайдаланады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog