|  | 

Керекті кеңес

Белгілі ақын Балғынбек Имаш тараздағы оқиғаға байланысты президент пен министрлерге хат жолдады

Тараздағы мектеп дәретханасында болған жағдайға байланысты белгілі ақын Балғынбек Имаш инстаграм әлеуметтік желісінде Президент пен министрлер және депутаттарға басқа да пәрменді Бас Прокурор мен Жоғары Сотқа өз ұсынысын жеткізді.

Президент өз қызметіне кіріскеннен-ақ педофилияға қатысты жазаны қатайтуды тапсырған болатын. Біздің «Халық қалаулылары» осы мәселе бойынша заңға өзгеріс енгізуді қашан қолға алар екен?
Сабақ уақытында, мектеп ауласында ұл-қыздарымызға зорлық жасалып жатуы не деген масқара?
Мектеп директоры, мұғалім, тағы бірнеше адамның жұмыстан шығып, сөгіс алып, тағы басқа жазаға тартылуымен, немесе даладағы дәретхананы мектеп ішіне көшірумен мәселе шешіле ме? Ата-ананың уайым-қасіреті мен баланың санасына түскен жара, психологиялық соққы жазыла ма? Тағдыр күйреді ғой. Көгіміз солып, тұнығымыз лайланды ғой, көңіліміз шытынап, сағымыз сынып, жігеріміз құм болды ғой.

Аса Құрметті, Президент мырза!
Мәртебелі министрлер мен депутаттар!
Басқа кезде Пәрменді Бас Прокурор мен Жоғары Сот!
1.Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасаған (ұрып-соғу, құлдыққа жегу, зорлық-зомбылық жасау, өлтіру т.б) қылмыскерлерге жазаны күшейтуді, өмірлік бас бостандығынан айыруды өлім жазасына ауыстыруды қарастырыңыздар.

2. Қылмыскердің аты-жөнін, суретін, руы мен тегін түгел жариялап, айдай әлемге жария ету керек. Ол қылмыскерге еш аяушылық болмау керек. Керісінше жапа шеккендердің аты-жөнін жасыру, жарияламау, құпия сақтау қажет.

3. Қылмыстық істі ашық жүргізу. БАҚ құралдары халыққа әр қылмыстық істің қалай аяқталғаны жөнінде толық әрі ашық хабардар етіп отыруы тиіс. Кәмететке толмағандарға қатысты әрбір қылмыстық іс жіті қадағалауында болуы тиіс.
Әрқайсымыз ұл-қыз өсіріп отырмыз. Алла басқа салмасын! Жапа шеккендердің орнында кез-келгеніміздің қызымыз, қарындасымыз, немереміз болуы мүмкін ғой.
Кім кінәлі? Бізге салса үзілісте көпшілікпен бірге бармай, сабақ уақытында сұранып әжетханаға жалғыз барған қыздың өзін кінәлі қылуымыз мүмкін. Ақиқатында бәріміз кінәліміз. Қылмыс қандай қоғамда орын алады? Төресі әділетсіз, қарашасы имансыз, заңы әлсіз, биі парақор, сақшысы жігерсіз, әйелдері арсыз, еркегі намыссыз елде орын алады.

ТАРАЗ оқиғасынан соң әрқайсымыз өзімізді ТАРАЗЫ-ға тартып көрейік. Әйтпесе, Есеп күнінде Алланың Әділетті ТАРАЗЫ-сы бар! 👆👆👆

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Шетелдегі қандастарға білім грантын көптеп бөлу ұсынылды — Ұлттық кеңес

    Шетелдегі қандастарға білім грантын көптеп бөлу ұсынылды — Ұлттық кеңес

    лттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов шетелдегі қандастарға көптеп грант бөлуді ұсынды, «Бізге қандастар үшін бөлінетін гранттардың санын арттыру керек. Себебі шеттегі қазақтарды отандық Жоғары оқу орындарына тарта білсек, оларды елде қалдыру мүмкіндіктері де арта түседі», — деді Асылбек Қожахметов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында. Ұлттық кеңес мүшесі сонымен қатар, Білім және ғылым

  • Сапасыз оқулық дайындағандар жауапқа тартылады: Президент тапсырмасы

    Сапасыз оқулық дайындағандар жауапқа тартылады: Президент тапсырмасы

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз оқулық дайындайтындардың жауапкершілігін заңнамалық түрде бекітуді тапсырды, деп хабарлайды. «Елімізде оқулықтардың сапасы мәселесі жиі көтеріледі. Білім сапасы айналып келгенде оқулықтың сапасына байланысты. Бұл – аксиома. Сол себепті ғылыми-практикалық сараптамаға қойылатын талапты едәуір арттырып, оқулықтардың апробациясын түпкілікті түрде көтеру керек. Бұл – Білім және ғылым министрлігінің міндеті. Мен тіпті оны басымдыққа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog