|  |  | 

Оқушы Үздік

АҚШ-тың төрт бірдей оқу орны білім алуға шақырған қазақстандық оқушы кім?

Қарағандылық Балнұр Түленованы бір мезгілде АҚШ-тың төрт университеті оқуға шақырып отыр. Ол халықаралық емтихан тапсырып, нәтижесін әлемнің бірнеше университетінің жалпы базасына жіберген, деп ҚазАқпарат агентігі хабарлады.

Балнұр Түленова Қарағанды қаласының Нығмет Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын бітірген.

«Менің тұлға ретінде қалыптасуым отбасымда басталды. Ата-анам маған сын-қатерді қабылдап, қорқыныш және кемшіліктермен күресу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасау керек деп тәрбиеледі. Бала кезімнен бастап анам мен әкем маған әрдайым бәсекеге дайын, бірінші кезекте өзіммен күресуді, әрқашан жоғары деңгейге шығуды үйретті. Ал өмірлік жағдайлар ата-анамның маған үйреткен дағдыларын дамытуға, жеке басымның қалыптасуына және кім болғым келетінін түсінуге мүмкіндік берген серпін болды», — дейді Балнұр.

Бойжеткен орыс, қазақ, француз, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Оны экономика, әлеуметтану және жаратылыстану ғылымдары қызықтырады.

«Шетелдік университеттер болашақ студенттердің өзіндік дамуына, мотивациясына, ішкі сипаты мен дүниетанымына үлкен мән береді. Менің мотивациялық хатымды оқып, олар таң қалды. Бес тілді білуден басқа, мен filmmaking and photography-мен, сондай-ақ экологиялық жобалармен айналысамын, математика бойынша олимпиадаларға қатыстым. Айналысатын және оқитын дәрістерімнің тізімі ауқымды. Университеттер тұлға ретінде қалыптасып келе жатқан жастарды іздейді. Бойымда армандарымды жүзеге асыру үшін жеткілікті күш, білім және мүмкіндіктер болса деймін. Болашақта өз бизнес-жобаларымды жүзеге асырғым келеді», — деді Балнұр Түленова.

 

10-сыныпта ол халықаралық емтихан тапсырып, нәтижесін университеттердің жалпы базасына жіберген. Көп күтпестен оған оқуға шақыру келді.

Балнұр Род-Айленд штатының университетіне тоқталды. Бұл оқу ордасында білім алу құны — жылына 80 мың АҚШ долларына дейін. Сәтті тапсырылған емтихан қарағандылық түлекке тегін оқуға мүмкіндік береді.

Білім алып, Балнұр халықаралық компанияларда жұмыс тәжірибесін жинақтауды жоспарлап отыр. Содан кейін өз ісін ашып, ел экономикасын қолдау үшін Қазақстанға оралмақ.

 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Жүніс Омар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөз етілген білім саласына байланысты өз пікірін білдірген еді. Ұлттық қоғамдық сенім  кеңесінің  үшінші отырысы  пандемияға байланысты онлайн-форматта өткені баршамызға  мәлім. Онда  мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп, жиында   адам  капиталын дамыту, білім беру, денсаулық  сақтау мәселелері талқыланды. Президент  еліміз  коронавирус  пандемиясының  шарықтау  шегінен

  • Қазалыда Абай шығармаларын түгелдей жатқа білетін оқушы тұрады

    Қазалыда Абай шығармаларын түгелдей жатқа білетін оқушы тұрады

    Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кентінде тұратын оқушы Аяулым Әзеннің есте сақтау қабілеті ерекше. Ол Абайдың 45 қара сөзін, 200-ден астам өлеңі мен 3 поэмасын жатқа біледі. Бүгінде Аяулым Әзен тоғызыншы сыныпта оқиды. Бала кезінен ол Абай өлеңдерін жаттауға құмартқан. Оған әкесі Жеңісбек Аралбаев әсер еткен. Содан бері Аяулым қазақтың ұлы ақынының

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog