|  | 

Жаңалық

Ақмола облысында 242 түлек мектепті «Алтын белгіге» аяқтады

Көкшетау қаласында Абылай хан алаңында  өткен салтанатта үздік мектеп түлектеріне «Алтын белгілер» тапсырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Салтанатты шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысты. Ол мектеп бітіруші түлектерге «Алтын белгілер» мен үздік аттестаттарды, сонымен қатар 100 және 80 мың теңге ақшалай сертификаттар табыс етті.

«Сіздер маңызды, жауапты шешімдер қабылдау алдында тұрсыздар. Сіздер жассыздар, күш-қуат пен болашаққа үлкен жоспарларға толысыздар. Бүгін Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде атап өткендей, сіздердің алдарыңыздағы еліміздің дамуына қосатын үлестеріңіз зор. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Сіздердің ең үлкен армандарыңызды жүзеге асырып, жеке жетістіктерге қол жеткізу үшін көп мүмкіндіктер жасалады», — деп атап өтті облыс әкімі.

Ақмола облысында 242 түлек мектепті «Алтын белгіге» аяқтады
Ермек Маржықпаев жастарға алдына мақсат қойып, өмірде кездесетін қиындықтардан қорықпауға шақырды. Сонымен қатар, оқушыларға қажетті білім беріп қана қоймай, өз іс-әрекетіне жауап беруге барлық күш-жігерімен тырысқан мұғалімдердің еңбегіне ерекше тоқталды.

Құттықтау рәсімі дәстүрлі вальс биімен және түлектердің қоштасу флешмобымен аяқталды.

Айта кетейік, биылғы жылы Ақмола облысында 4606 түлек мектепті бітірді, оның 242-і «Алтын белгі», 175-і үздік аттестат иегері. 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстың 710 оқушысы облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанды. Оның 18-і биылғы жылғы мектеп бітірушілер.  Олардың дені әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Назарбаев Университеті мен басқа да ЖОО-лардың оқу гранттарына ие болды.

Ақмола облысында 242 түлек мектепті «Алтын белгіге» аяқтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қазақстанда қашықтан оқытуды ресми заңдастыру ұсынылды

    Қазақстанда қашықтан оқытуды ресми заңдастыру ұсынылды

    Қазақстанда қашықтан оқытуды ресми түрде танылған білім беру формасының қатарына қосу ұсынылды. Бұл ұсынысты Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы айтты. «Білім берудің сапасын арттырып, әрі оны бар аймақта қолжетімді ету үшін қашықтан және онлайн оқыту технологияларын жүйелі түрде және кеңінен енгізу сұранып тұр. Соңғы 10 жылда әлем бойынша қарқынды дамыған бұл технологиялар өз

  • Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының жалақысын көбейтуді тапсырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының жалақысын көбейтуді тапсырды

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейтуді тапсырды. «Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймынг. Біз «Педагогтар мәртебесі» заңы аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде ЖОО оқытушыларының жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан аз болып қалды. Осыған орай, Үкімет ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыру керек», — деді Президент

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog