|  |  |  | 

Жаңалық Оқушы Үздік

Атыраулық оқушы Кипрде математикадан халықаралық олимпиаданың алтын жүлдесін жеңіп алды

Білім-инновация лицей-интернатының оқушысы Айбек Мырзатаев математика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың алтын медаль иегері атанды. Оны жеңісімен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жеке құттықтады.

Кипр елінің Ларнака қаласында 23-ші жасөспірімдер арасындағы Балкан математикалық олимпиадасы өтті, оған 17 ресми командадан құралған 112 адам қатысты, олардың ішінде 10 команда Балкан аймағынан болса, қалған 7 қонақтық командалар, оның ішінде біздің Қазақстан құрамасы да болды.  Олимпиаданы Кипр Республикасының математиктер одағы ұйымдастырған. Қазақстан командасы бірнеше жылдар бойы қонақ ретінде үздіксіз қатысып келеді. Балкан Жасөспірімдер Олимпиадасының тарихында тұңғыш рет Қазақстан құрамасы бейресми командалық жарыста 17 қатысушы командалар арасында екінші орынға ие болды. Олимпиада нәтижесі бойынша  Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медальді жеңіп алды. Алтын медальдің бірін Атыраулық оқушы Айбек Мырзатаев жеңіп алды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Айбек Мырзатаевты, оның әкесі Исатай Сабитовты және Білім-инновация лицей-интернатының директоры Эльма Исмаилды қабылдады.

Атыраулық оқушы Кипрде математикадан халықаралық олимпиаданың алтын жүлдесін жеңіп алды

«Менің әріптестерім және мен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз және осындай табысқа жеткеніңізге қуаныштымыз. Сөз жоқ, бұл сіздің ата-анаңыздың және мұғалімдеріңіздің еңбегі. Қазір сен басқа оқушыларға үлгі болдың, ендігі саған қарап басқалары бой түзейтін болады. Барлық өмірлік сынақтарда бірінші орындарда тұруыңа тілектеспін», — деді Нұрлан Ноғаев.

Атыраулық оқушы Кипрде математикадан халықаралық олимпиаданың алтын жүлдесін жеңіп алды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады

    Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтарды артық шаруадан босату жұмыстары туралы айтып берді. «Педагог жұмысының сапасы оқушылардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, педагог артық шаруамен айналыспауы керек. Балалардың білімі мен тәрбиесіне жұмыс істейтінін түсінуі керек. Сондықтан, біз әрі қарай педагог мәртебесін көтеруді, әріптестерімізді қолдау мен дамыту үшін жағдай жасауды жалғастырамыз», — деді

  • Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    «ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстары жалпы бүгінгі күні аяқталуға жақын. Тестілеу материалдары 100 пайыз басылып шығарылды. Барлық аудиториялар тиісті құрылғылармен 100 пайыз жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттеріне бейне көрсетілім маниторлары да орнатылып бітті», — деді министр. Оның атап өтуінше, ҰБТ өткізу бойынша барлық құзырлы органдардың жауапкершілігіне қатысты ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов тиісті міндеттерді бекітті. «Біріншіден, Ішкі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog