|  | 

Жаңалық

Асқар Мамин ҰБТ өткізу жайында: Ең басты міндет — балалардың қауіпсіздігі

Ұлттық бірыңғай тест өткізу барысында балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

«Бұл мәселе өте маңызды. 20 маусымнан бастап түлектер ҰБТ тапсыра бастайды. Оған 131 мыңнан астам оқушы немесе өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық түлек қатысады. Қалыптасып отырған жағдайды ескерсек, ҰБТ дәстүрлі режимде, бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Сондықтан ең басты міндет балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып саналады. Бүгінгі күнге тестілеуге дайындық пен оны өткізу бойынша міндеттер нақты айқындалған. ҰБТ өткізілетін 161 пункт, 1 200-ден астам аудитория дайындалды», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Осы орайда Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігіне Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерімен және өңірліктердің әкімдіктерімен бірлесіп, тестілеу өткізудің қауіпсіздігін, түлектерді тасымалдау нормаларын сақтай отырып, жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

«ҰБТ өткізілетін пункттердің алдына адамдардың көп жиналуына жол берілмесін. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қазіргі жағайда ҰБТ өткізу жөніндегі кең ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Ералы Лұқпанұлы, мәселені бақылауда ұстаңыз», — деді Асқар Мамин орынбасары Ералы Тоғжановқа қарата.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті

    Онлайн форматында тұңғыш рет білім құрылтайы өтті. Білім құрылтайын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Білім құрылтайының басты мақсаты — Елбасының ой-тұжырымына сүйеніп, шетелдік қандастардың дүниетанымын, ұлттық ділін қазақ тілі арқылы ой- саналарында орнықтыру, жалпы қазақ мүддесіне қызмет ету құзырет- тілектерін қалыптастыру. Онлайн құрылтайға «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар

  • ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    ҰБТ 2020 орташа көрсеткіш – 64 балл

    Кезекті ҰБТ еліміз бойынша 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді. Оған рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы – биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12% төмен болғанын атап өткен жөн. 2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 161 пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өту барысын қадағалау мақсатында қалалар мен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog