|  | 

Жаңалық

Асхат Аймағамбетов ЖОО оқытушыларының айлығын арттыру жолдарын атады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Жоғары оқу орындарының оқытушыларының айлығын арттыру жолдарын атады.

Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында баяндама жасаған вице-министр Мирас Дәуленов қазіргі уақытта 30 ЖОО-да оқытушылардың айлығы 30 пайызға көтерілгенін жеткізді. Десе де олардың орташа жалақысы төмен күйде қалып отыр.

«Мектеп мұғалімдерінің айлығынан ЖОО оқытушылардың жалақысы аз. Осыған байланысты ЖОО оқытушылары мектепке кетіп жатыр. Мұндай тенденцияның күшейіп бара жатқанын да байқауға болады. Сол себепті мемлекеттік ЖОО-ларда гранттардың санын арттыру көзделуде», — деді ол.

Бұл мәселеге қатысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы ЖОО оқытушыларының жалақысы өте төмен болып тұрғанын жеткізді.

«Мемлекеттік білім беру және ғылымды дамыту бағдарламасы шеңберінде биыл гранттардың құны бірнеше есе өседі. Бұл қандай нәтиже береді? Біріншіден, біздің оқытушылардың жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Ғылым саласында да қаржыландыру бірнеше есе өсіп жатыр. Сондықтан осы өзгерістің бәрі өзінің септігін тигізуі тиіс. Жалақы мәселесі бойынша тиісті жұмыс жүргізу керек. Біріншіден біздің университеттер (мемлекеттік университеттер бойынша) тиімсіз шығындарды қайта қарауы тиіс. Әртүрлі тиімсіз форумдарды, шараларды қысқарту керек. Президент қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берген болатын. Ол тек министрліктің аппаратына қатысты емес, ол квазимемлекеттік мекемелерге де қатысты мәселе», — деді министр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және  ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді

    Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді. «6 сәуірде басталатын IV тоқсанда мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқитыны белгілі. Министрлік қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты ақпараттандыру жұмыстарын БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы үздіксіз жалғастырып келеді. Бүгін сағат 15:00-де Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомстваның әлеуметтік

  • Елімізде қандай мектептер штаттық режимде жұмыс істейді?

    Елімізде қандай мектептер штаттық режимде жұмыс істейді?

    Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықтан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды. Оқушыларды қашықтан оқытудың төртінші тетігі – штаттық режимде оқу. Елімізде 1 080 шағын жинақталған мектеп бар. Олар шалғайда орналасқан, 80-100 аралығында оқушы оқитын мектептер. Ол жақта коронавирус қаупі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog