|  |  | 

Үздік Ұстаз

Астанада еліміздің үздік ЖОО оқытушылары марапатталды

Астанада 2018 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері марапатталды, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңімпаз атанған 200 оқытушыға 200 АЕК көлемінде (1 АЭК — 2525 теңге) грант берілді.

ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған грант оқытушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ғылыми жинақтар шығаруға және біліктіліктерін арттыру үшін әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Марапаттау рәсіміне қатысқан ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов министр Күләш Шәмшидинованың құттықтау хатын оқып берді.

«Құрметті әріптестер! Біздің мемлекетке жастарды сапалы оқытатын, заманауи өмірде икемді, ұтқыр әрі жаңа экономикалық жағдайларға бейімделу қабілетін беретін білім жүйесі керек. Мемлекет басшысы 2018 жылдың 5 қазанындағы Халыққа арналған Жолдауында білім берудің жоғары сапасымен қаму туралы тапсырма берді. Әлемнің үздік университеттерімен ынтымақтастықты дамыту да маңызды. Бұл міндеттерді жүзеге асыру, құрметті әріптестер, Сіздерге тікелей байланысты. Сондықтан, бізді үлкен жұмыстар күтіп тұр. Құрметті грант иегерлері! Бүгін Сіздер «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын жеңіп алдыңыздар. Биыл Сіздерге ойда жүрген жоспарларды жүзеге асыратын тамаша мүмкіндік беріліп отыр. Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі отандық білім мен ғылым жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлес боларына сенімдімін.», — деп жазылған Білім және ғылым министрінің құттықтау хатында.

Айта кетейік, жыл сайын өткізілетін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына биыл республикамыздың 80 жоғары оқу орнынан 481 үміткер қатысты.

Байқау қатысушыларының ғылыми-педагогикалық қызметі сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланған. Оның ішінде, оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу және басып шығару; кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі ашық онлайн курстан табысты өткені туралы сертификаттың болуы және өзге де талаптар бар.

Нәтижесінде еліміздің 43 жоғары оқу орнынан 200 маман «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болды. Оның ішінде 36 ғылым докторы, 133 ғылым кандидаты, 29 PhD докторы және 2 магистрант бар.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Білім саласына бөлетін қаржы ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ – ұстаз

    Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Жүніс Омар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөз етілген білім саласына байланысты өз пікірін білдірген еді. Ұлттық қоғамдық сенім  кеңесінің  үшінші отырысы  пандемияға байланысты онлайн-форматта өткені баршамызға  мәлім. Онда  мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп, жиында   адам  капиталын дамыту, білім беру, денсаулық  сақтау мәселелері талқыланды. Президент  еліміз  коронавирус  пандемиясының  шарықтау  шегінен

  • Қазалыда Абай шығармаларын түгелдей жатқа білетін оқушы тұрады

    Қазалыда Абай шығармаларын түгелдей жатқа білетін оқушы тұрады

    Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кентінде тұратын оқушы Аяулым Әзеннің есте сақтау қабілеті ерекше. Ол Абайдың 45 қара сөзін, 200-ден астам өлеңі мен 3 поэмасын жатқа біледі. Бүгінде Аяулым Әзен тоғызыншы сыныпта оқиды. Бала кезінен ол Абай өлеңдерін жаттауға құмартқан. Оған әкесі Жеңісбек Аралбаев әсер еткен. Содан бері Аяулым қазақтың ұлы ақынының

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog