|  | 

Жаңалық

Алматыда карантин кезінде мектептің салтанатты жиыны қалай өтеді

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин, қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мектеп директорларымен кездесу өткізді.
Басты мақсат – мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау шараларына дайындықты пысықтау, санитарлық эпидемиологиялық талаптарды орындау, ҰБТ өткізу процесінің талаптарын орындау, 1-сыныпқа қабылдау шарттары талқыланды», — деді қалалық баспасөз қызметінен.

Бүгінде Алматыда 261 мың оқушы бар. Биыл қалада 9 299 түлек мектеп бітіреді. Олардың 8 667-і мемлекеттік мектепті бітірсе, 632-сі жекеменшік мектеп түлегі.

Қалалық Білім басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес:

Білім беру ұйымдарында оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

9-11 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізілмейді.

Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектепті бітіргені жөніндегі аттестаттау қазіргі баға бойынша жүргізіледі.

Орта білім беру ұйымдарының басшыларына электронды журналдардағы бағаларды түзеуге үзілді-кесілді тыйым салынады.

1-10 сынып оқушылары үшін салтанатты мектеп жиыны қашықтан өткізіледі.

11-сынып бітірген түлектерге аттестат табыстау 3-4 маусым күндері кестеге сәйкес барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау арқылы өтеді.

«Салтанатты жиын тек бітіруші сыныптар үшін өткізіледі және оқушылардың арасындағы әлеуметтік қашықтық кемінде 2 метрден кем болмауы тиіс. Аттестатарды тек сыныптар бойынша табысталады. Бұл шараға оқушылар, олардың ата-аналары мен мектеп ұжымынан қосқанда шамамен 60 адамға ғана қатысуға рұқсат етіледі. Бір сыныптың түлектері мен екінші сыныптың түлектеріне аттестат табыстау шараларының аралығы кемінде 1 сағат болуы тиіс. Жиынға түлектердің отбасынан тек 1-2 ата-ана ғана келуі керек, олардың егде жастағы аталары мен әжелеріне келуден бас тартқаны жөн. Мектептердің әкімшіліктері ата-аналар комитеттерімен, сыныптармен және педагогикалық ұжымдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әдеттегі дәстүрлі форматта өтетін болады», — деді әкімдіктен.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды

    «ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстары жалпы бүгінгі күні аяқталуға жақын. Тестілеу материалдары 100 пайыз басылып шығарылды. Барлық аудиториялар тиісті құрылғылармен 100 пайыз жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттеріне бейне көрсетілім маниторлары да орнатылып бітті», — деді министр. Оның атап өтуінше, ҰБТ өткізу бойынша барлық құзырлы органдардың жауапкершілігіне қатысты ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов тиісті міндеттерді бекітті. «Біріншіден, Ішкі

  • Асқар Мамин ҰБТ өткізу жайында: Ең басты міндет — балалардың қауіпсіздігі

    Асқар Мамин ҰБТ өткізу жайында: Ең басты міндет — балалардың қауіпсіздігі

    Ұлттық бірыңғай тест өткізу барысында балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты. «Бұл мәселе өте маңызды. 20 маусымнан бастап түлектер ҰБТ тапсыра бастайды. Оған 131 мыңнан астам оқушы немесе өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық түлек қатысады. Қалыптасып отырған жағдайды ескерсек, ҰБТ дәстүрлі режимде, бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog