| қырық мысал

қырық мысал

  • Ахмет Байтұрсы. Үлес
    Ахметтің 40 мысалы

    Ахмет Байтұрсы. Үлес

    Қосылып, бірнеше адам ортақтасып, Үй салып, ортасынан дүкен ашып, Саудасы жұғымды боп, байып әбден, Шат болып, көңілдері судай тасып, Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып, Үлесіп отыр еді шуылдасып. «Үй жанып барады!» – деп хабар берді, Жүгіріп келіп біреу түсі қашып. «Жүріңдер, – біреуі айтты, – барайық, – деп, Есепке қайтып келіп салайық», – деп. Айтады

  • Ахмет Байтқрсын. Қарға мен түлкі
    Ахметтің 40 мысалы

    Ахмет Байтқрсын. Қарға мен түлкі

    Бір түйір ірімшікті тауып алып, Ағашқа Қарға қонды ұшып барып. Тоқ санап ірімшікті көңіліне, Жей қоймай, отыр еді ойға қалып. Қашаннан белгілі аңқау ала Қарға, Нәсіпке бұйырмаған шара бар ма? Шығатын шығасыға болып себеп, Ағашты Түлкі залым аралар ма! Тістеген ірімшігін Түлкі көріп, Аяғын ептеп басып жақын келіп: «Уһ! – деді, – көретін де күн

  • Ахмет Байтұрсын. Қартайған арыстан
    Ахметтің 40 мысалы

    Ахмет Байтұрсын. Қартайған арыстан

    Қартайып, Арыстанның әлі кетті, Айбыңды жұрт қорқатын сәні кетті. Бетіне жан келмейтін уақыттар, Артына бір қарамай, бәрі кетті. Аяқта дәрмен қалды жүрерлік-ақ, Тым қарттық жас емес қой көрерлік-ақ. Тіс түсіп, тырнақ мұқап, қайрат кетіп, Жайы бар тыныш жатып өлерлік-ақ. Тынышына қоймады оны өзге аңдар, Бата алмай, «сені ме?» деп жүрген жандар. Анау да, мынау да

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Қарашекпен мен қой
    Ахметтің 40 мысалы

    Ахмет Байтұрсынұлы. Қарашекпен мен қой

    Шақырды Қарашекпен Қойды сотқа, Күймей ме біреу үшін біреу отқа, Белгілі Қойдың тауық жемейтіні, Жазықсыз жаза тартқан пенде жоқ па? Түлкі екен судьясы «теңшіл» деген, Атақтан сау емес де «жемшіл» деген. Бір күні талапкер мен жауапкерге, Шақыру қағаз шықты «келсін» деген. Екеуі айтқан күні сотқа келді, Түлкіекең Қойды көріп көңілденді. Тексеріп, арлы-берлі жауап алып, Тез

  • Ахмет Байұрсынұлы. Қайыршы мен Қыдыр
    Ахметтің 40 мысалы

    Ахмет Байұрсынұлы. Қайыршы мен Қыдыр

    Қайыршы киімі жыртық, жалаң аяқ, Мойнында ескі дорба, қолда таяқ, Қалада қайыр сұрап жүруші еді, Күн көріп бергенімен әркім аяп. Үйіне бай-мырзаның келген шақта, Қазына салтанатын көрген шақта, Ойлайтын: «Мұнан артық не керек, – деп, – Осындай Құдай бәрін берген шақта?! Отырып алтын, күміс ортасында, Тоймайтын несі, – дейтін, – мал мен баққа?!» Бір күні

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Шымшық пен көгершін
    Ахметтің 40 мысалы

    Ахмет Байтұрсынұлы. Шымшық пен көгершін

    Бір Шымшық торға түсті соры қайнап, Барды ма, кім біледі, ажал айдап. Бәлені қаза менен қайда деме, Ғаріп боп, отыр сорлы көзі жайнап. Жанына жас Көгершін ұшып келді: «Не қара басты торға түсіп? – деді. – Тал түсте торды көрмей, соқыр ма едің, Есалаң, ақылың жоқ, күшік, – деді. – Түсер ме есі дұрыс күндіз

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Шал мен жұмыскер
    Ахметтің 40 мысалы

    Ахмет Байтұрсынұлы. Шал мен жұмыскер

    Шал қайтты малайымен пішен шауып, Бәлені сезе ме адам тұрған бағып. Орманмен кешкітұрым келе жатты, Баратын елге тура бір жол тауып. Тап берді қарсы алдынан аю шығып, Болмады айла етерге о ғып, бұғып. Үстіне Шалдың аю қонып қалды, Сорлыны ә дегенше жерге жығып. Жұмарлап, басып-жаншып аю шалды, Жемекке енді бастап ыңғайланды. «Бауырым, Пәленшежан, айыршы-ай», –

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Шал мен ажал
    Ахметтің 40 мысалы

    Ахмет Байтұрсынұлы. Шал мен ажал

    Орманнан бір шал қайтты отын алып, Бүкшеңдеп, көтере алмай, өліп-талып. Отынын жерге қойып, біразырақ, Қисайып жатты байғұс ойға қалып: «Мен сорлы өрі кәрі, әрі жарлы, Асырау оңай емес үйлі жанды. Қартайдым, жалданарға қайратым жоқ, Бермеді тұтынарлық Құдай малды. Бұл маған не қылғаның, Жаратқаным, Бір шалға үйлі жанды қаратқаның? Төлермін салық ақша қайдан тауып, Қажетім бірін

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Түлкі мен қарашекпен
    Ахметтің 40 мысалы

    Ахмет Байтұрсынұлы. Түлкі мен қарашекпен

    Түлкіге тамақ іздеп сапар шеккен, Жолығып, айтты бір күн Қарашекпен: «Күнің аз тауық жемей жай жүретін, Ұрлыққа құмар жансың мұнша неткен? Сыр ашып сөйлеселік оңашада, Ешкім жоқ екеуімізден басқа шеттен. Ашиды, рас, жаным, Түлкі, саған, Ойлама айтады деп мекерлікпен. Жақсылық тырнағыңдай бар ма, сірә, Ойласаң, кәсібіңде осы еткен? Ұрлықтың кінә, ұяты өз алдына, Жүргенің қарғыс,

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Сары шымшық
    Ахметтің 40 мысалы

    Ахмет Байтұрсынұлы. Сары шымшық

    Мақтанып сары Шымшық шалқып-тасты, «Теңізді өртеймін!» деп лақап шашты. У-шу боп, бұл хабарды естіген соң, Теңізді тастап, құстар үркіп қашты. Таң қалып, «тамашаны көреміз» деп, Алыстан андар келді әдейі іздеп. Адам да түс-тұс жақтан келе жатыр, Лек-лекбоп, топ-тобымен мыңдап, жүздеп. Есепсіз теңізге көп халық келді, Шымшық «теңіз өртейд!» деп нанып келді. Балық жеп, сорпа ішіп

Кирил     توتە     Latin

Редактор бағаны

Абайдың қара сөздері

Ахметтің 40 мысалы

Соңғы пікір

  • Я очень обрадовалась, когда, наконец, заговорили о статусе педагога! Но, к сожаленью, никаких условий для обеспечения нормальной счастливой заслуженной пенсии для учителя не предвидится? Очень жаль!

    by Атчабарова Ақмарал Елемесқызы Ғасыр ұстазы 13 мың, Алаш ұстазы 10 мың, Ұлт ұстазы 5 мың теңге

  • Мұғалімдерді көше аралаудан, артық қағаз жұмыстан босату керек

    by Шарипова назира «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР

  • Мектеп асхансына ата аналардын кируине жане тамактануына руксат па

    by Мошкалова Лаззат Дилдабаевна Мамандар мектеп асханасы бойынша кеңестер берді

  •   Тіл – адам мен адамды , ұлт пен ұлтты жақынадастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлеу- адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлейді. Жер бетіндегі бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына , уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып отырады. Қазіргі уақыт талабына сай сабақтары жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынады. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халықпедагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып , сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланылады. Сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, , жарыс сабағы6  тест әдісі , шығармашылық жұмыс түрлері өткізіледі.

    by Уахметова Перизат Муратовна Мақала жариялау

  • мен 33 жыл мектепте бастауыш сыныпта жұмыс істеп өз еңбегімнің жемісін көріп келе жатқан қатардағы ұстаздардың бірімін. "" қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын "" деген қазақтың ұлы сөзі қазіргі таңда мұғалімдер қауымына арналғандай ..... Мұғалімнен қадір кеткелі қай заман .. зейнет жасын әйел ұстаздар үшін 55, ер азаматтар үшін 58 қылса ұстаз ер азаматтар қатары да көбейер еді... қазір немере тәрбиелейтін әжелер жоқ... сүйретіліп пенсияға шығады жарты есі бар , жарты есі жоқ , қан қысымы жоғары .т.б ауырулары бар ... өзіне бір кісі керек боп қалады сондықтан небір мықты азаматтар Абайдан бастап айтсақ әжеден тәлім тәрбие алды сол тәрбие артық қылмаса кем қылған жоқ . Ел болам десең бесігіңді түзе деген сол бесік көзі көненің көзі әжелер қолында ... тәрбие қазақ дәстүрімен үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу , ұят , болмайды деген сөзді қанына сіңіру үшін үй тәрбиесінің азайып кеткенінен деп ойлаймын. таңғы 6 дан оятып жас баланы балабақшаға сүйреген жастар кешкі 6-7 де алады , үйге апарып тамағын береді де ұйықтатады . Не апа не ата, не ана, не әке мейірімі жоқ балалар қазір алдымызда отыр. Мейірім жоқ бала болашағы бұлыңғыр ... ана мен бала арасына мәміле жоқ мүлде сөйлеспейді. Анасы жұмыстан кейін телефонда отырады ...бала сөзіне құлақ та аспайды. қазір болып жатқан жағдайларды естіп, көріп, ештеңеге таң қалмайтын заман болды. .. бұл қазіргі өмірдің бір тамшысы ғана...Осындай ұрпақты оқытып, ата-анасымен тәрбие жүргізіп жатқан Ұстаздар қауымы сіздер қандай атақ берілсе де лайықсыздар! .... мен де педагог мәртебесін көтерсе, зейнет жасын әйелдер үшін 55 ұстаз ер азаматтар үшін 58 болуын қолдаймын. Қазіргі кезде әйелдер, ер азаматтардың жасына жетпей 50 ге де жетпей, аяқ астынан не бір жағдаймен (инфарк, миына қан құйылу, обыр, ө-ө қ жұмсау т.б) кетіп жатқаны қаншама.....

    by Заманқызы Анаргуль Ахмадиева Ұстаз бойындағы ұлылық...

Серіктестер




Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog