| білім министрлігі

білім министрлігі

  • Асхат Аймағамбетов. ЖОО-ға берілген еркіндіктер
    Ұстаз үні

    Асхат Аймағамбетов. ЖОО-ға берілген еркіндіктер

    ЖОО-на берілген академиялық, басқару және қаржылай дербестік білім сапасына қалай ықпал етеді? Және осы жағдайда ЖОО-ның талабы мен жауапкершілігі қалай күшейтіледі? Осы сұраққа қысқаша тоқтала кетуді жөн көрдім. ​Бұл бағытта саланы нақты нарықтық және экономикалық механизмдер арқылы реттеуге бағытталған жүйелі шаралар, сонымен қатар, императивті шаралар қолға алынуда. 1. Академиялық еркіндік «Білім туралы» Заңға түзетулердің енгізілуі ЖОО

  • БҒМ балалардың құқықтарын қорғау жөнінде жаңа кеңесшісі болады
    Жаңалық

    БҒМ балалардың құқықтарын қорғау жөнінде жаңа кеңесшісі болады

    Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі қызметіне Шер Раисаны шақырылды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. «Бүгінгі заман талаптарына сай балалардың құқықтарын қорғау саласында қыруар жұмыстар атқару қажет. Азаматтық сектор белсенді дамып, бірқатар сұрақтардың шешілуіне ат салысуда. Мемлекеттік және азаматтық сектор арасында тиімді байланыс орнату қажет», – деді Білім және

  • «Болашақпен» Жапонияда оқып келген қызылордалық мұғалімнің арманы – ауылда қалу
    Ұстаз үні

    «Болашақпен» Жапонияда оқып келген қызылордалық мұғалімнің арманы – ауылда қалу

    Осыдан 25 жыл бұрын Елбасы тапсырмасымен жүзеге асқан «Болашақ» бағдарламасы талай жастың арманына қанат бітіріп, әлемнің үздік оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берді. Олардың бірі – Жапонияның Осака қаласында Ядролық физика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алып, елге оралған қызылордалық Абзал Іскендір. Бүгінде Абзал Қызылорда облысының Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде мұғалім болып жұмыс істейді. Оның

Кирил     توتە     Latin

Редактор бағаны

Абайдың қара сөздері

Ахметтің 40 мысалы

Соңғы пікір

  • Білім саласын бірігіп көркейтейік, не дегенмен оқушылардың басым бөлігі қазір орта мектептерде білім алуда, менің өтінішім мектеп оқушыларына барынша көмек беріңіздер.

    by Бектұрғанов Нұрлан АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ. ҚОСЫМША БІЛІМ ҚОЛ БОЛА МА?

  • Сайлау -б ұл демократияның ұлы тойы деп білемін, кім өзінің тойын сәтсіз, қызықсыз, әділетсіз өткізгісі келеді.

    by Бектұрғанов Нұрлан Аятжан Ахметжанұлы. Сайлау туралы

  • Мұғалім мәртебесін көтеру өте орынды. Бір кездері төрден орын алған ұстаздар қазіргі қоғамда ең қорғансыз ,көнбіс пендеге айналды. Ата- анадан ,баладан ,қоғамнан түрлі сөз естіген ұстаз-келешек мектептен безетіндей деңгейге жетті.Мұғалім еңбегі әділ бағаланып жатырған жоқ. Оған 33 жыл еңбек еткен менің дәлелім жеткілікті. Мұғалімде бос уақыт деген мүлде жоқ. Сабаққа дайындалу, дәптер тексеру, оқушы күнделігін тексеру, ата-анамен байланыс, қосымша жиын-семинар т.б,оқушының сабақтан соң аман сау үйіне жетуі, демалыс күндергі оқушы қауіпсіздігіне алаңдау, үлгірімі төмен оқушымен жеке жұмыс жасау, кәсіби іздену ... сансыз жұмыстың арасында өз отбасы мен өз денсаулығын ойлауға уақыт таппай жанталасады.Мұның бәрі мұғалімді адами тұрғыдан шаршатса, арасында кабинет шаңын сүрту, кабинетті безендіру, гүлдендіру қаражат жағынан шаршатады.Мұғалім 50-55 жасында (әйелдер) ЗЕЙНЕТКЕ шығуы қажет. Сонымен бірге мұғалім құқығы кез келген жерде тапталмауы керек. Ол мектептің білікті басшысы болуын қажет етеді. Мектеп -құрметті мекеме болуы керек. Сонымен бірге тек педагогтер мәртебесімен шектелмей мектепте қызмет атқаратын техникалық қызметкерлерді оларға қажет құралдармен толық жабдықтап, жалақыларын көтеру қажет.Ал мектептегі педагогтерге теңестірілген тұлғалар-зертханашылар жалақысын көтеру ешкімнің ойына келмейтін сяқты.Сегіз сағат пән мұғалімдерімен бірге( химия, физика, биология) кабинет тазалығынан бастап ,зертханалық құралдарды дайындауда олардың еңбегі ұзақ жылдардан бері 45 мыңмен төленуде. Бұл да министрлік назарын аударатын мәселенің бірі.

    by Абжамиқызы «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР

  • ЗЕЙНЕТ ЖАС 63КЕ ДЕЙІН ӘЙЕЛ АДАМДАРЫ ҮШІН ӨТЕ ҚИЫН МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН БІР ТҰРАҚТЫ 30 жылдан кейін мектептен өз еркімен жіберетін кез келді ол ұстаз бір салада үзбей еңбек етіп ұзақ еңбегі сіңді

    by Айко «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР

  • Қайырлы күн! Мұғалім мәртебесі туралы заңда мына мәселелердің қарастырылуын ұсынамын: 1. Мұғалімдерді ертелі-кеш бітпейтін жиындарға жіберу тоқтатылсын. Залды толтыру үшін білім беру саласына қатысы жоқ жиындарға да бізді жіберіп жатады, осы мәселе шешілсін. Бұл біріншіден, сабақ процесінің дұрыс жүруіне кедергі келтіреді, екіншіден бізгі тіпті қатысы жоқ. 2. Мектептерде мұғалімдердің барлығы қажетті техникамен, кеңсе құралдарымен қамтамасыз етілсін. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасына көшіп жатырмыз, бұл бағдарлама бойынша сабақтың тиімді өтуінің басты факторы техникалық жабдықтар. Дұрыс, берілді ноутбук та беріліп жатыр, интерактивті тақта да бар. Бірақ аудио-видеоны тыңдайтын құрылғы, интернет жоқ. Жиынтық бғалауды алу үшін тапсырманы әр оқушыға шығарып беруіміз керек, оған тағы принтер жоқ. Әр кабинетте көрнекілік құралдар, түрлі-түсті магниттер, түрлі түсті қаламдар тұруы керек, бұл да оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. 3. Мектеп және мұғалім баланың ТЕК БІЛІМІНЕ жауап беретін болсын. Олардың сабақтан тыс уақытта, мейрам кездерінде, түнгі уақытта көшеде жүруіне немесе бұзықтық жасауына үйіндегі ата-анасы жауап беретін болсын. Бұл үшін мектеп жауапқа тартылғаны доғарылсын. 4. Үшінші пунктке тағы қосымша, баланың басының биттеп кетуі, киімінің кірлеуі деген т.с. мәселелер тағы ата-ананың жауапкершілігінде болсын, баланың тазалығы мен гигиенасы ата-ананың мойнында. 5. Мұғалімдердің кәсіби мерекесі Ұстаздар күнінде сыйақы берілетін болсын. 6. "Совместитель" болып жұмыс істеуге тыйым салынсын, бұл мұғалімді екі жаққа алаңдатып, соңында сабақтың сапасының төмендеуіне әсер етеді. Әрі қарай тағы жалғасы бар) есіме түскенде жазам

    by Қарапайым мұғалім «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР

Серіктестер




Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog