| Аятжан Ахметжан

Аятжан Ахметжан

  • Республикалық “QAZBILIM” олимпиадасы өтеді
    Білім жарысы

    Республикалық “QAZBILIM” олимпиадасы өтеді

    Нәтижесінде 60 оқушыға жылдық “QAZBILIM” гранты беріледі.  Білім – таза бизнеске айналмауы керек, бұл – біздің орталықтың басты ұстанымы. Қазбілім – қазақ баласына мүмкіндік сыйлауы керек, бұл – Қазбілім ұжымының басты мақсаты. Осы мақсатта үш жылдан бері QAZBILIM жылдық грантын беріп келеміз. Ол мектепте жақсы оқитын, бірақ отбасы жағдайы ақылы дайындықты көтермейтін балаларға мүмкіндік сыйлау

  • АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ. ҚОСЫМША БІЛІМ ҚОЛ БОЛА МА?
    Редактор бағаны

    АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ. ҚОСЫМША БІЛІМ ҚОЛ БОЛА МА?

    Әлқисса Бүгінде баласын қосымша сабаққа жаздырмайтын ата-ана кемде-кем. Иә, сонау 2014 жылы “оқушылар неге орталық жағалап жүр?” деп осы бағытта алғаш сұрау тастап мақала жазып едім, содан бері бес жыл. Бұл үрдіс қазір тіпті ауырлады, ол білім саласына пайдалы ма, әлде сын ба? Бүгінгі оқушылар неге жаппай репетиторға жүгініп кетті? Біз баламызды жаздырған қосымшаның пайдасы

  • Бес бала тағдыры білім саласына қатысы бар ма?
    Редактор бағаны

    Бес бала тағдыры білім саласына қатысы бар ма?

    Бес баланың өмірі, болашақтың бес гүлі ерте солды. Біз қоғамдағы әр трагедиядан сабақ ала аламыз ба? Әр трагедияның астарына үңіле аламыз ба? Осы бес баланың аядай бөлмеде ержетіп жатқанының себебін іздеп көрейікші. Ол бес баладан айырылған ата-анаға енді не берсек те қайғысын ортайта алмаспыз, бірақ дәл сондай өмір сүріп жатқан әлі бес мың, тіпті елу

  • Элементтердің периодтық кестесі
    Редактор бағаны

    Элементтердің периодтық кестесі

    Суретте осы кестедегі элементтерді кімнің алғаш тапқаны туралы ақпарат көрсетілген. Ең көбі кәрі құрлық Еуропаның меншігінде, одан кейін алпауыт Америка. Азияның елдері бұл бәсекеге ат ізін салмаған. Айтпақшы, кезінде өз құрамындағы елдерге Менделеев кестесі деп оқытқан орыстың еншісінде алты элемент бар екен, бұл да жетістік. Бірақ, дәл осы кестені біздің жұрт әлі Менделеев деген шал

  • АҚЫЛДЫ БОЛСАҢ, АЛДЫМЕН ӨЗІҢДІ ТӘРБИЕЛЕ…
    Редактор бағаны

    АҚЫЛДЫ БОЛСАҢ, АЛДЫМЕН ӨЗІҢДІ ТӘРБИЕЛЕ…

    Бүгінде “жаға ұстатты мен жұртты шулаттының” арасында тірлік көп. Бір жұрт имансыздықтан, бір жұрт ұятсыздықтан, бір жұрт ұлтсыздықтан көрсе, енді бір жұрт тексіздіктен дейді. Иә, атын атағың келмейді, бірақ, сол балалар да отбасында тәрбиеленіп, мектептің табалдырығын аттап шығып жатқасын, бүгінгі ұстаз ретінде бір ауыз пікір айтуды өзіме парыз санадым. Бастысы, бүгін біз тәрбиені ұранға айналдырдық,

  • БІЛІМ БАСҚАРМАЛАРЫ ЖАБЫЛА МА?
    Жаңалық

    БІЛІМ БАСҚАРМАЛАРЫ ЖАБЫЛА МА?

    Сенат депутаты Дариға Назарбаева еліміздегі білім басқармаларын жабу керек дегелі біраз жұрттан ұйқы қашты. Көпке топырақ шашқымыз жоқ, еліміздің білім саласын дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген басқарма басшылары баршылық. Сондай-ақ басқарма басына келген соң өзін жарты әлемнің билеушісіндей сезінетіндері де жоқ емес. Солардың сүйкімсіз қылығы білім басқармасы деген құрылымның абыройын түсіріп болды, мұғалімдерді де мезі

  • Әлемге танымал тағы екі кітап қазақ тіліне аударылды
    Керекті кеңес

    Әлемге танымал тағы екі кітап қазақ тіліне аударылды

    Бүгін Алматыдағы орталық коммуникациялар қызметінде “100 жаңа оқулық” жобасына байланысты баспасөз брифингі өтті. Ұлттық аударма бюросы 100 жаңа оқулықты аудару жобасы аясында биыл 30 кітапты қазақ тілінде сөйлетпек. Бұл жұмыстарға 300-ден аса ғалымдар мен аудармашы-редакторлар жұмылдырылған. Бүгін журналистерге қосымша аударылып, басылып шыққан екі кітап таныстырылды. Тарихшы Юваль Ной Харраридің “Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы” кітабы мен Стивен

  • «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады»
    Ұстаз үні

    «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады»

    «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады», ‒ деп ұстаздардың ұстазы Әбу Нәсір әл-Фараби айтқан екен. Қай заманда да қоғам

  • Жоқ студенттерге стипендия төленген
    Жаңалық

    Жоқ студенттерге стипендия төленген

    Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасындағылар бүгінге дейін білгендерін істеп келіпті. Мұны біз облыстық прокуратураның дәл осы салаға жүргізген тексеруінің қортындысын қолымызға алған соң, амалсыз айтып отырмыз. Мәселен, жыл сайын Семей қаласындағы бизнес және сервис колледжі мен Аягөз қаласындағы политехникалық колледжіне және Өскемен қаласының екі бірдей осындай оқу орнына заңсыз гранттар беріп келген. Ал колддеж әкімшілігінің

Кирил     توتە     Latin

Редактор бағаны

Абайдың қара сөздері

Ахметтің 40 мысалы

Соңғы пікір

  • Білім саласын бірігіп көркейтейік, не дегенмен оқушылардың басым бөлігі қазір орта мектептерде білім алуда, менің өтінішім мектеп оқушыларына барынша көмек беріңіздер.

    by Бектұрғанов Нұрлан АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ. ҚОСЫМША БІЛІМ ҚОЛ БОЛА МА?

  • Сайлау -б ұл демократияның ұлы тойы деп білемін, кім өзінің тойын сәтсіз, қызықсыз, әділетсіз өткізгісі келеді.

    by Бектұрғанов Нұрлан Аятжан Ахметжанұлы. Сайлау туралы

  • Мұғалім мәртебесін көтеру өте орынды. Бір кездері төрден орын алған ұстаздар қазіргі қоғамда ең қорғансыз ,көнбіс пендеге айналды. Ата- анадан ,баладан ,қоғамнан түрлі сөз естіген ұстаз-келешек мектептен безетіндей деңгейге жетті.Мұғалім еңбегі әділ бағаланып жатырған жоқ. Оған 33 жыл еңбек еткен менің дәлелім жеткілікті. Мұғалімде бос уақыт деген мүлде жоқ. Сабаққа дайындалу, дәптер тексеру, оқушы күнделігін тексеру, ата-анамен байланыс, қосымша жиын-семинар т.б,оқушының сабақтан соң аман сау үйіне жетуі, демалыс күндергі оқушы қауіпсіздігіне алаңдау, үлгірімі төмен оқушымен жеке жұмыс жасау, кәсіби іздену ... сансыз жұмыстың арасында өз отбасы мен өз денсаулығын ойлауға уақыт таппай жанталасады.Мұның бәрі мұғалімді адами тұрғыдан шаршатса, арасында кабинет шаңын сүрту, кабинетті безендіру, гүлдендіру қаражат жағынан шаршатады.Мұғалім 50-55 жасында (әйелдер) ЗЕЙНЕТКЕ шығуы қажет. Сонымен бірге мұғалім құқығы кез келген жерде тапталмауы керек. Ол мектептің білікті басшысы болуын қажет етеді. Мектеп -құрметті мекеме болуы керек. Сонымен бірге тек педагогтер мәртебесімен шектелмей мектепте қызмет атқаратын техникалық қызметкерлерді оларға қажет құралдармен толық жабдықтап, жалақыларын көтеру қажет.Ал мектептегі педагогтерге теңестірілген тұлғалар-зертханашылар жалақысын көтеру ешкімнің ойына келмейтін сяқты.Сегіз сағат пән мұғалімдерімен бірге( химия, физика, биология) кабинет тазалығынан бастап ,зертханалық құралдарды дайындауда олардың еңбегі ұзақ жылдардан бері 45 мыңмен төленуде. Бұл да министрлік назарын аударатын мәселенің бірі.

    by Абжамиқызы «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР

  • ЗЕЙНЕТ ЖАС 63КЕ ДЕЙІН ӘЙЕЛ АДАМДАРЫ ҮШІН ӨТЕ ҚИЫН МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН БІР ТҰРАҚТЫ 30 жылдан кейін мектептен өз еркімен жіберетін кез келді ол ұстаз бір салада үзбей еңбек етіп ұзақ еңбегі сіңді

    by Айко «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР

  • Қайырлы күн! Мұғалім мәртебесі туралы заңда мына мәселелердің қарастырылуын ұсынамын: 1. Мұғалімдерді ертелі-кеш бітпейтін жиындарға жіберу тоқтатылсын. Залды толтыру үшін білім беру саласына қатысы жоқ жиындарға да бізді жіберіп жатады, осы мәселе шешілсін. Бұл біріншіден, сабақ процесінің дұрыс жүруіне кедергі келтіреді, екіншіден бізгі тіпті қатысы жоқ. 2. Мектептерде мұғалімдердің барлығы қажетті техникамен, кеңсе құралдарымен қамтамасыз етілсін. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасына көшіп жатырмыз, бұл бағдарлама бойынша сабақтың тиімді өтуінің басты факторы техникалық жабдықтар. Дұрыс, берілді ноутбук та беріліп жатыр, интерактивті тақта да бар. Бірақ аудио-видеоны тыңдайтын құрылғы, интернет жоқ. Жиынтық бғалауды алу үшін тапсырманы әр оқушыға шығарып беруіміз керек, оған тағы принтер жоқ. Әр кабинетте көрнекілік құралдар, түрлі-түсті магниттер, түрлі түсті қаламдар тұруы керек, бұл да оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. 3. Мектеп және мұғалім баланың ТЕК БІЛІМІНЕ жауап беретін болсын. Олардың сабақтан тыс уақытта, мейрам кездерінде, түнгі уақытта көшеде жүруіне немесе бұзықтық жасауына үйіндегі ата-анасы жауап беретін болсын. Бұл үшін мектеп жауапқа тартылғаны доғарылсын. 4. Үшінші пунктке тағы қосымша, баланың басының биттеп кетуі, киімінің кірлеуі деген т.с. мәселелер тағы ата-ананың жауапкершілігінде болсын, баланың тазалығы мен гигиенасы ата-ананың мойнында. 5. Мұғалімдердің кәсіби мерекесі Ұстаздар күнінде сыйақы берілетін болсын. 6. "Совместитель" болып жұмыс істеуге тыйым салынсын, бұл мұғалімді екі жаққа алаңдатып, соңында сабақтың сапасының төмендеуіне әсер етеді. Әрі қарай тағы жалғасы бар) есіме түскенде жазам

    by Қарапайым мұғалім «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР

Серіктестер




Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog