| Абай құнанбай

Абай құнанбай

  • Абайдың қара сөздері. ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ СӨЗ
    Абайдың қара сөздері

    Абайдың қара сөздері. ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ СӨЗ

    Адам ұғылы екі нәрседен: бірі – тән, бірі – жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсиби – оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы – жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы – жибили. Ақыл, ғылым – бұлар – кәсиби. Көзбенен

  • Абайдың қара сөздері. ҚЫРЫҚ ЕКІНШІ СӨЗ
    Абайдың қара сөздері

    Абайдың қара сөздері. ҚЫРЫҚ ЕКІНШІ СӨЗ

    Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі – жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын сұрап мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке

  • Абайдың қара сөздері. ҚЫРЫҚ БІРІНШІ СӨЗ
    Абайдың қара сөздері

    Абайдың қара сөздері. ҚЫРЫҚ БІРІНШІ СӨЗ

    Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек. Әуелі – бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салу керек, дүниеде көп есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір жолда үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды

  • Абайдың қара сөздері. ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ
    Абайдың қара сөздері

    Абайдың қара сөздері. ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ

    Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз

  • Абайдың қара сөздері. ОТЫЗ БЕСІНШІ СӨЗ
    Абайдың қара сөздері

    Абайдың қара сөздері. ОТЫЗ БЕСІНШІ СӨЗ

    Махшарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт – соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола, бір ғана құдай тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр дейді. Дүние үшін болғандарға айтар дейді: «Сендер

  • Мырзахметова Майра. Мен «Абай жолын» қалай оқыттым?
    Ұстаз үні

    Мырзахметова Майра. Мен «Абай жолын» қалай оқыттым?

    «Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын?» Абай Құнанбайұлы Осыдан 2 жыл бұрын Алматының жаңадан ашылған мектебінде ұстаздық жолымды жалғастырған едім. Сол сәттен бастап, қала мектептерінің оқушыларына сабақ үйрете жүріп, өзімнің де үйренерім көп болды. Мамандығымның қыр-сырын алдымда отырған оқушыларыма ұқтырғым келетін. Әсіресе қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне сабақ барысында ешқандай ағаттық жіберуге болмайтынын

  • Абайдың қара сөздері. ОТЫЗ ТӨРТІНШІ СӨЗ
    Абайдың қара сөздері

    Абайдың қара сөздері. ОТЫЗ ТӨРТІНШІ СӨЗ

    Жұрттың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қата жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп нанбайды. Және һәмманы жаратқан құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылғайды, жазғыруы да, жарылғауы да пенде ісіне ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек есепсіз жетістіруі де бар деп

  • Абайдың қара сөздері. ОТЫЗ ҮШІНШІ СӨЗ
    Абайдың қара сөздері

    Абайдың қара сөздері. ОТЫЗ ҮШІНШІ СӨЗ

    Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы

  • Абайдың қара сөздері. ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗ
    Абайдың қара сөздері

    Абайдың қара сөздері. ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗ

    Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас. Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген

  • Абайдың қара сөздері. ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ
    Абайдың қара сөздері

    Абайдың қара сөздері. ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ

    Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; Екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; Үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; Төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой

Кирил     توتە     Latin

Редактор бағаны

Абайдың қара сөздері

Ахметтің 40 мысалы

Соңғы пікір

  • При выступлении Президента Касым-Жомарта Токаева на августовской конференции затронул вопросы по развитию сферы образования. Очень приятно, что труд учителя оценил и дал поручение о повышении заработной платы в два раза в течении четырех лет, доплата за классное руководство и проверка тетрадей. Так же Министру образования и науки он поручил разработать и запустить специальные программы по преодолению академического отставания детей из семей с низким уровнем дохода или из школ, работающих в сложных социальных условиях и демонстрирующих низкие результаты. Я согласна с идеями и целями нашего Президента.

    by Жумина Сауле Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы мәлімдемелері

  • Ахмет Байтұрсынов үлгісін қолдануға қарсымын, себебі оны клавиатурада жазу қыйын, әрі түсініксіз, қазір ең соңғы үлгідегі латын əліппесі ең дұрыс, қалың қазақтың оқымыстылары жиналып құрастырған, жаттап үйренугеде ыңғайлы, осынын өзін əзер түсініп жатқанда, Ахмет байтұрсынов көне үлгідегі əріп заман талабына жарамайды !!!

    by Ділмұрат Білім министрі: Әліппенің Байтұрсынов әзірлеген үлгісін қайтарамыз – басқасының керегі жоқ

  • 42 балмен катсуга боладыма

    by Абдикер Бағлан Грант 2019: Білім гранты иегерлерінің тізімі

  • Оралман квота тұралы толығырақ айта аласыз ба? Рахмет

    by Aray Altynbay Мамандық таңдауда неге мән берген дұрыс?

  • Бізге сертификатпен бірге арнайы ақпараттық парақ бермеді неге?Тек біз емес мен білетін біраз жерлерде берілмеген.Сұрағым жауапсыз қалмайды деп үміттенемін...

    by Астан Алматы Мектеп бітірушілерге ҰБТ сертификатымен бірге арнайы ақпараттық парақ беріледі

Серіктестер




Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog