|  | 

Редакция таңдауы

Шетелдегі қазақ балаларына арналған олимпиада биыл Маңғыстауда өтеді

Шетелдегі қазақ балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық олимпиада биыл Маңғыстау облысында өтеді. Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды BAQ.KZ AA тілшісі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктен кейін алыс-жақын шет елдердегі бауырларымызды ата қонысына шақырғаны белгілі. «Шетелде тұратын отандастарды қолдау туралы» жарлыққа қол қойылып, Үкімет қаулысын да қабылдады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазақ диаспорасындағы дарынды балаларды анықтау, олардың қазақ тіліне, әдебиетіне, тарихына және мәдениетіне танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын өткізетін дода биыл 11-рет ұйымдастырылып отыр. Олимпиада 2014 жылдың 16-20 маусымы аралығында өтеді деп күтілуде.

Орталықтың ұйымдастыруымен 2004 жылдан бері өтіп келе жатқан олимпиада шартына сәйкес шетелдегі 9-12 сыныпта оқитын 20 жасқа дейінгі оқушылар жарысқа қатыса алады. Жарыс жеңімпаздарына мемлекеттік және ЖОО-ның арнайы гранттары беріледі. Орталықтан ұғысуымызша, осы олимпиадада қара үзіп алға шыққан 100-ден астам қазақ баласы бұл күнде еліміздің маңдайалды ЖОО-нан білім алып, алды Қазақстан үшін тер төгіп, қызмет жасап жатыпты.

Қатысушы мемлекеттердің әрбір командасы 6 оқушы мен 1 жетекшіден құралуы тиіс. Қатысушылар мен команда жетекшілері барлық шығынды өз үстіне алады. Қатысушылар жөніндегі мәліметтерде олардың аты-жөні, туған жылы, оқитын сыныбы, мекен-жайы, паспорт нөмірі міндетті түрде көрсетілуі қажет. Олимпиадаға қатысу жөніндегі сұраныстарды ұйымдастыру комитетіне 5 маусымға дейін төмендегі мекен-жайға жіберуі керек: Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 16/1. Тел. +7 (7172) 445348; факс 445352; azholanova@ mail.ru

Айта кетейік, аталмыш олимпиада өткен жылы Астана қаласында өтіп, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркіменстан, Түркия, Голландия, Германия, Австрия, Венгрия сияқты 11 елден 104 оқушы келіп қатысқан болатын. Олардың ішінде 15 бала қазақстандық ЖОО-ның грантын жеңіп алған.

Майгүл СҰЛТАН

http://baq.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?

    Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?

    Қазір мұғалімдерге қатысты алуан түрлі әңгімелер айтылудай айтылып келеді. Әлеуметтік желілердегі небір сойқан көріністер жаныңды жаралайды. Мұғалім мен бала арасындағы текетірес тіпті өршіп бара жатқандай. Ақиқатына келсек, мұғалім мәртебесіз болайын дей ме? Біз бұл мәселеде түпкі себебіне үңілмей, салдарын ғана дуылдата беретініміз өкінішті-ақ. Мұғалімнің алдымен мұңын естіп, тұрмысын түзеп алып барып, яғни әлеуметтік жағдайын жан-жақты

  • ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

    ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. 1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. 2. ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. 1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog