|  | 

Редакция таңдауы

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2014-2015 оқу жылына 7 сынып оқушыларын іріктеу конкурсының қорытындысын шығарды.

«Өркен» білім беру гранты

2014 жылғы 30 сәуірде Министр Саринжипов Аслан Бәкенұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

img-20140430-wa0006
Республикалық комиссия Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Астана, Ақтөбе, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларындағы физика-матемкатикалық және Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Өскемен қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) 2014-2015 оқу жылына 7 сынып оқушыларын іріктеу конкурсының қорытындысын шығарды.
Конкурстық іріктеу 2014 жылғы 1-2 наурыз күндері өткізілді. Қабылдау комиссиясының нәтижесі бойынша «Өркен» грантын тағайындау конкурсына 8 415 оқушы құжат тапсырған. Конкурс нәтижесі бойынша 3 967 оқушы шектеулі балды жинаған.
Республикалық комиссия мүшелерінің қарауына шектеулі балл жинаған барлық үміткерлердің құжаттары мен Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы және Қызылорда, Шымкент қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7, 8 сыныптарында білім алу үшін резервтік тізімде тұрған 4 үміткердің құжаттары ұсынылды.
Республикалық комиссия шешімімен 22.01.2014 ж. №19 хаттамаға Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8, 9, 10 (11) сыныптарында 2014-2015 оқу жылында білім алатын 672 оқушыға грант тағайындау туралы шешіміне өзгерістер енгізілді.
Жоғарыда аталған хаттамада бекітілген резервтік тізім келесі оқу жылына ауыстырылды.
Республикалық комиссия шешімімен 1311 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталса, 2660 оқушырезервтік тізімге енді.

http://www.edu.gov.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?

    Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?

    Қазір мұғалімдерге қатысты алуан түрлі әңгімелер айтылудай айтылып келеді. Әлеуметтік желілердегі небір сойқан көріністер жаныңды жаралайды. Мұғалім мен бала арасындағы текетірес тіпті өршіп бара жатқандай. Ақиқатына келсек, мұғалім мәртебесіз болайын дей ме? Біз бұл мәселеде түпкі себебіне үңілмей, салдарын ғана дуылдата беретініміз өкінішті-ақ. Мұғалімнің алдымен мұңын естіп, тұрмысын түзеп алып барып, яғни әлеуметтік жағдайын жан-жақты

  • ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

    ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. 1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. 2. ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. 1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog