|  | 

Редакция таңдауы

Қазақстандық оқушы Google компаниясының жаңа бағдарламаларын жасайтын болды

Өскемендегі Назарбаев Интеллектуальды мектебінің оқушысы Жарас Әлімханов Google Glass бағдарламасына қосымша ойлап тауып, Испанияда өткен халықаралық Through сайысының жеңімпазы атанды, деп жазады  “Казахстанская правда”. Енді ол алдағы уақытта компанияның өзге де бағдарламаларына қосымша ойлап табатын мүмкіндікке ие болды.

Сайыста қазақстандық оқушы125 қатысушылардың арасында жалғыз өзі ТМД атынан қатысты. Жалпы сайысқа қатысушылардың талабы бірдей болды. Ол – Google Glass бағдарламасына өз қосымшаларын енгізу.

Өз кезегінде Жарас Әлімханов онлайн режимінде аудио және текстік материалдады аударатын қосымша жасауды ұсынды. Сайыстың ережесіне сай ол өзінің қасына білікті бағдарламашы және дизайнерлерді алып, өзінің қосымшасының қысқаша таныстырылымын көрсетті. Бұл жоба сайыстың төрешілерімен мақұлданып, бірінші орынға ие болды. Енді келісім-шарт бойынша Жарас бастаған бір топ бағдарламашылар Google корпарациясының жаңа жобаларына қатысатын болады. Бұл ұжым енді қайта маусым айында жиналады.

Айта кетейік, мектеп оқушысы Валенсиядаға өткен халықаралық сайысқа Start Up Weekend  ESIC жаңа технологиялар өндіретін халықаралық компанияның шақыртуымен барған.

Жарас алдағы уақытта жоғарғы оқу орнына құжаттар тапсырады. Сайыстың ұйымдастырушылары оған әлемнің кез-келген ЖОО тапсыруға мүмкіндік беріп тұр.

http://kaz.tengrinews.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?

    Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?

    Қазір мұғалімдерге қатысты алуан түрлі әңгімелер айтылудай айтылып келеді. Әлеуметтік желілердегі небір сойқан көріністер жаныңды жаралайды. Мұғалім мен бала арасындағы текетірес тіпті өршіп бара жатқандай. Ақиқатына келсек, мұғалім мәртебесіз болайын дей ме? Біз бұл мәселеде түпкі себебіне үңілмей, салдарын ғана дуылдата беретініміз өкінішті-ақ. Мұғалімнің алдымен мұңын естіп, тұрмысын түзеп алып барып, яғни әлеуметтік жағдайын жан-жақты

  • ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

    ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. 1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. 2. ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. 1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog