|  |  | 

Білім жарысы Жаңалық

Үздік оқытушылар анықталды

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің құрылымдық мекемесі Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйытқы болуымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық оқытушы-ұстаздар байқауы өткізілді.

Байқаудың алғашқы кезеңдері бұған дейін сатылы түрде барлық өңірлерде ұйым­дас­тырылып, осы сыннан сүрінбей өтіп, үздік деп танылған 15 оқытушы-ұстаз биыл екін­ші рет өткізіліп отырған республикалық сайыс­тың соңғы турына жолдама алған екен.

Жиналған көпшілікті бұл реткі байқау­дың маңызы жайлы хабардар еткен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Әлібек Асқардың айтуына қара­ған­да, аталған байқаудың берері көп көрінеді. Нақ­тырақ айтсақ, қазақ тілін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін анықтау, оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің тың әдістемесін жүйелеу, сондай-ақ өңірде жеңімпаз атанып республикалық байқауға қатысып жатқан қазақ тілі оқы­ту­­шыларының сабақ берудегі озық үлгі­лерін насихаттау екен.

«Аталған шараны өткізудегі мақсат – қазақ тіл білімінің атасы А.Бай­тұр­сын­ұлының еңбектеріндегі ғылыми-педа­гогикалық сабақтастықты жал­ғастыру; қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қол­даныс аясын кеңейту; қазақ тілі жанашырлары мен мамандар арасындағы үздіктерді анықтап, олардың тіл оқытудағы жаңашыл әдіс-тәсілдерін кең көлемде тарату» дейді қазылар алқасының төрағасы, филология ғылымдарының докторы Шерубай Құрманбайұлы.

Өйткені қазақ тіл білімінің қайнар бұла­ғы осы Байтұрсынұлынан басталады. Ғалым­ның қазақ тілін меңгертудегі әдістемесі бүгінгі ұрпаққа баға жетпес мұра. Ұлы ұстаз еңбек­тері бүгінге дейін әдістемелік және тіл­та­нымдық тұрғыдан өз мәнін жойған жоқ.

Сонымен ұлы ғалым атындағы сайыс үш кезеңге жіктеліпті. Оның алғашқысы – қа­тысушы өз күшімен дайындаған оқу мате­риал­дары мен жетіс­тіктері жайлы бейне таныс­ты­ры­лымын көрсетсе, екінші кезең – педаго­гикалық-психологиялық жағ­дай­ларға байланысты тапсырма орын­дау, үшінші кезең – 20-25 минут көле­мінде сабақ беру үлгісін көрсету.

Бір қуанарлығы, жоғарыдағы рет бойынша өздерінің білімі мен тәжіри­бесін ортаға салып, сайысқан ма­ман­­дардың дені 90-жылдары өмір­ге келген жастар екен.

Атам қазақ «жас келсе – іске» деген­дей, аймақ­тан келіп, елорда төрінде білімі мен тәжірибесін жарыстырған қа­ты­су­шылар арасынан қостанайлық ұстаз, Рудный қалалық тілдерді оқыту орталы­ғы­ның қызметкері Жанат Досы­бае­ва бас жүлдені жеңіп алса, І, ІІ, ІІІ орындар­ға – астаналық оқытушы, Руха­­ният орталығының бөлім басшысы Еркебұлан Ерболатұлы, Қарағанды облы­сы Тілдерді оқыту орталы­ғы­ның ұста­зы Мұни­ра Ағымбаева, Шығыс Қа­зақстан облысы лингвистикалық ор­та­­­лы­­ғы­ның маманы Әсем Мамы­ра­но­ва ие болды. Сондай-ақ қызыл­ор­да­лық ұстаз Әсел Бақытова, жам­был­дық Ақбота Тұрсынбекова және Шымкент қа­­ласынан келген тіл маманы Айсұлу Оспановаға ынталандыру сыйлығы бұйырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елордадағы  Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беру ұсынылды

    Елордадағы Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беру ұсынылды

    Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайын әл-Фараби атымен атау ұсынылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты. Оның айтуынша, бастаманы қоғам белсенділері қолдап отыр. «Қоғамның пікірі өте маңызды. Депутаттар, Ассамблея мүшелері де Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беруді қолдайды деп ойлаймын. Бұл сұрақты әлі де талқылаймыз», – деді әкім орынбасары Достық үйінде Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау

  • Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

    Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

    Елордада «Цифрландыру арқылы трансформация: Универсиеттер және сапаны қамтамасыз ету» атты екінші Еуразиялық форум өтіп жатыр. Шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбектің айтуынша, қазіргі уақытта білім саласындағы дүниежүзіндегі ең үлкен мәселе бұл соңғы 200-300 жылда қалыптасқан білім беру моделінің бүгінгі проблемаларды шеше алмауы болып отыр. «Бір ғана мысал

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog