|  | 

Жаңалық

Бюджет: Педагог мәртебесі бағытында қанша қаржы бөлінеді

2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында білім және ғылым жүйесін дамытуға 2 трлн теңге бөлінеді.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті.

«Білім және ғылым жүйесін дамытуға 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылға 570,0 млрд теңге көзделген. 2020 жылы білім беру саласындағы 230 млрд теңге сомасындағы бюджеттің негізгі шығыстары экономика салалары үшін техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар білікті мамандарды даярлауға бағытталған», – деді Б. Шолпанқұлов.

Тұңғыш Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленді, оны іске асыруға бюджетте 453,5 млрд теңге, оның ішінде 2020 жылға 94,6 млрд теңге қарастырылған.

«2020 жылдан бастап орта білім беруді жан басына шаққанда қаржыландыруды толық ауқымды енгізуді жүзеге асыру жоспарлануда. Үш жылдық кезеңде оны іске асыруға 224 млрд теңге, оның ішінде 2020 жылға 54,5 млрд. теңге көзделген», – деді бірінші вице-министр.

2022 жылдың соңына дейін жаңа студенттік жатақханалар құрылысын қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет жобасында үш жылдық кезеңге 75 мың орындық, оның ішінде 2020 жылы 20 мың орындық жатақхананы іске қосу бойынша шығыстар жоспарланып отыр.

Президент үш ауысымды оқытуды шешу және 2022 жылдың соңына дейін апатты мектептерді жою міндетін қойды. Осы мақсаттарға 286,8 млрд теңге сомасында шығыстар, оның ішінде 2020 жылы 87,1 млрд теңге жергілікті бюджеттер базасына берілді.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елордадағы  Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беру ұсынылды

    Елордадағы Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беру ұсынылды

    Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайын әл-Фараби атымен атау ұсынылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты. Оның айтуынша, бастаманы қоғам белсенділері қолдап отыр. «Қоғамның пікірі өте маңызды. Депутаттар, Ассамблея мүшелері де Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беруді қолдайды деп ойлаймын. Бұл сұрақты әлі де талқылаймыз», – деді әкім орынбасары Достық үйінде Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау

  • Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

    Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

    Елордада «Цифрландыру арқылы трансформация: Универсиеттер және сапаны қамтамасыз ету» атты екінші Еуразиялық форум өтіп жатыр. Шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбектің айтуынша, қазіргі уақытта білім саласындағы дүниежүзіндегі ең үлкен мәселе бұл соңғы 200-300 жылда қалыптасқан білім беру моделінің бүгінгі проблемаларды шеше алмауы болып отыр. «Бір ғана мысал

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog