|  | 

Жаңалық

Түркістан облысында екі мектептің директоры пара алды деген күдікке ілінді

Түркістан облысында қорғаныс істері және білім беру саласындағы бірқатар шенеуніктер пара алды деген күдікке ілікті, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Облыстық қорғаныс істері департаментінің Отырар ауданы бойынша тобының бастығы әшкереленді. Күдікті ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету мерзімін кешіктіру үшін 80 мың теңге пара алған.

Жетісай ауданы №15 орта мектебінің директоры еңбек шартын ұзарту үшін 200 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке іліккен.
Еден жуушы ретінде жұмысқа қабылдау үшін 150 мың теңге пара алды деген күдікпен Мақтаарал ауданы №34 мектебінің директорына қатысты тергеу басталды.
Жоғарыдағы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.  Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елордадағы  Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беру ұсынылды

    Елордадағы Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беру ұсынылды

    Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайын әл-Фараби атымен атау ұсынылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты. Оның айтуынша, бастаманы қоғам белсенділері қолдап отыр. «Қоғамның пікірі өте маңызды. Депутаттар, Ассамблея мүшелері де Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беруді қолдайды деп ойлаймын. Бұл сұрақты әлі де талқылаймыз», – деді әкім орынбасары Достық үйінде Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау

  • Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

    Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

    Елордада «Цифрландыру арқылы трансформация: Универсиеттер және сапаны қамтамасыз ету» атты екінші Еуразиялық форум өтіп жатыр. Шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбектің айтуынша, қазіргі уақытта білім саласындағы дүниежүзіндегі ең үлкен мәселе бұл соңғы 200-300 жылда қалыптасқан білім беру моделінің бүгінгі проблемаларды шеше алмауы болып отыр. «Бір ғана мысал

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog