|  | 

Жаңалық

Ақтаудағы мектепте күн станциясы іске қосылды

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектептерге күн энергиясы» жобасының екінші кезеңі жүзеге асты. Білім ордасында күн станциялары іске қосылды.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күлаш Шамшидинова және «Шелл Қазақстан» компаниясының өкілдері қатысты.

Енді оқу орнының территориясына орнатылған 320 панель тұтынылатын электр энергиясын 30%-ға дейін үнемдейді. Құрылғы 100 квт/сағ энергия өндіреді.
Күн станцияларының іске қосу құрметі «Шелл Қазақстан» компаниясының коммерциялық мәселелер жөніндегі бас менеджері Эйден Мерфи мен білім ордасындағы 12-сынып оқушысы, көптеген республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпазы Ғаламмадин Асқарға бұйырды.

-Зияткерлік мектептерде екінші жыл жүзеге асырылатын «Мектептерге күн энергиясы» жобасы біз үшін басымдық болып табылады. Бұл STEM-білім беруді енгізу үшін және ең бастысы, оқушыларымыздың экологиялық мәдениетін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу үшін табысты жоба. Бүгінде орнатылған күн жүйелері мектептердің энергия тұтынуын шамамен төрттен бір бөлікке төмендетуге мүмкіндік береді және бұл жасыл экономиканың жаһандық мәнін дәлелдейтін көрсеткіш, – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова салтанатты шара барысында.

«Мектептерге күн энергиясы» – «Шелл» әлемдік мұнай-газ брендінің пилоттық жобасы 2018 жылдың 1 желтоқсанында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 10 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала мұрагелері» форумында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа таныстырылған болатын. Жоба Энергетика министрлігі, «Шелл» компаниясы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлескен меморандумы аясында жүзеге асып отыр.

«Шелл» компаниясынан ең алғашқы күн энергиясын 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алған болатын. Мұнда 100 Квт/сағ қуаты бар фотоэлектрлі панельдері орнатылған көлік тұрағы салынды. Биылғы жылы Орал, Атырау, Алматы қалаларындағы білім ошақтарында осындай күн станциялары орнатылады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ
Маңғыстау облысы 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елордадағы  Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беру ұсынылды

    Елордадағы Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беру ұсынылды

    Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайын әл-Фараби атымен атау ұсынылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты. Оның айтуынша, бастаманы қоғам белсенділері қолдап отыр. «Қоғамның пікірі өте маңызды. Депутаттар, Ассамблея мүшелері де Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беруді қолдайды деп ойлаймын. Бұл сұрақты әлі де талқылаймыз», – деді әкім орынбасары Достық үйінде Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау

  • Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

    Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

    Елордада «Цифрландыру арқылы трансформация: Универсиеттер және сапаны қамтамасыз ету» атты екінші Еуразиялық форум өтіп жатыр. Шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбектің айтуынша, қазіргі уақытта білім саласындағы дүниежүзіндегі ең үлкен мәселе бұл соңғы 200-300 жылда қалыптасқан білім беру моделінің бүгінгі проблемаларды шеше алмауы болып отыр. «Бір ғана мысал

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog