|  |  | 

Оқушы Үздік

1 сыныптың оқушысы шахматтан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында кадеттер арасында жылдам шахмат және блиц бойынша ІІІ әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

“Аталмыш зияткерлік жарыста №8 мектеп-лицейінің 1 «Ә» сынып оқушысы Ахмет Сулейман 8 жасқа дейінгі ер балалар арасында блицте 142-ден алтыншы орынға ие болды. Жаттықтырушы Сергей Мансуровтың жетекшілігімен Сулейман жарты жыл бойы шахматпен айналысады. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы атанған”, – дейді Павлодар обылстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрмат. 

Бұған дейін ол облыстық білім басқармасы аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың желтоқсан айында мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Жұлдызды дебют» облыстық турнирінде бірінші орын алған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ақтөбелік оқушы әлем рекордын жаңартты

    Ақтөбелік оқушы әлем рекордын жаңартты

    Ақтөбеде «G-Strong Power Fest» фестивалі өтті. Алып күш иелері бақ сынаған фестиваль кезінде 9 жастағы Муса Туркумбаев кеудені жерден көтеріп ұстап тұрудан әлем рекордын жаңартты Муса Туркумбаев 7 жасынан бастап ел назарында жүр. Ол турникке тартылудан, кеудені жерден көтеруден алдына жан салмайды.  Өткен жылы Қазақстан рекордын жаңартты. «2016 жылы Астана қаласында 9 жастағы Амир Махмет кеудені жерден

  • Алтай Көлгінов елордалық 49 жас түлекке білім грантын табыс етті

    Алтай Көлгінов елордалық 49 жас түлекке білім грантын табыс етті

    Білім сертификатына ие болған түлектерге қала басшысы сәттілік тілеп, ата-ана мен ел үмітін ақтайтындарына сенім білдірді. Жыл сайын әкімнің гранты қаланың жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерi қатарынан жетiм балаларға, балалар үйiнiң түлектерiне, бала жасынан мүгедектерге, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасының балаларына беріледі. Сонымен, биыл 49 түлек сертификат иегері атанды.  

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog