|  | 

Ұстаз үні

Ұстаздың біліктілігі мен білімі оқу ордасының деңгейін айқындамақ – профессор

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім беру сапасын жақсартуға қатысты мәселеге айрықша тоқталды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры мідетін атқарушы Баршагүл Исабек осылай мәлім етті.

Оның айтуынша білім саласындағы күрделенген мәселенің бірі – қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтап кеткенін алға тартады.

«Мұғалім – мектептің жүрегі» дейтін болсақ, ұстаздың біліктілігі мен білімі оқу ордасының деңгейін айқындамақ. Шалғайда орналасқан ауыл мектептеріндегі кадр тапшылығы, ондағы жағдайдың көңіл көншітпейтіні бұл мәселенің қордалануына алып келіп отыр. Осыған орай ел Президенті «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруды тапсырды. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді міндеттегені педагогтарды қуантты. Жас мамандарға жасалған жағдай – ел болашағына құйылған инвестиция деп білемін», – дейді Баршагүл Исабек.

Сондай-ақ, университет басшысы Президенттің дарынды ауыл жастарына да ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескерткені көңіл қуантатынын айтады. Оның сөзінше жастарды ішінара іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек.

«Мемлекет басшысы аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсыруы талай қарагөздерге жарқын болашақ сыйлары сөзсіз. Келер күндерде ел тұтқасын ұстар сол мектеп партасында отырған жас өскіндер екенін ескерсек, бұл бастамалардың барлығы баянды болашақ үшін жасалып отырған игілікті іс болмақ», – дейді ректордың міндетін атқарушы, профессор.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

    Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

    Елордада «Цифрландыру арқылы трансформация: Универсиеттер және сапаны қамтамасыз ету» атты екінші Еуразиялық форум өтіп жатыр. Шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбектің айтуынша, қазіргі уақытта білім саласындағы дүниежүзіндегі ең үлкен мәселе бұл соңғы 200-300 жылда қалыптасқан білім беру моделінің бүгінгі проблемаларды шеше алмауы болып отыр. «Бір ғана мысал

  • Ұстаз көмек сұрайды

    Ұстаз көмек сұрайды

    Екі бірдей перзенті дертке шалдыққан әке редакциямызға жомарт жандардан көмек сұрап хабарласты. Балжігіт ТОРЫБАЕВТЫҢ  науқасқа шалдыққан перзенттері Аружан 7 жаста,ал Бейбарыс 5 жаста. Аружан жүруден қиналса,  Бейбарыс өз аяқтарымен жүре алмайды. Ал, бұл сырқатқа еліміздің білікті мамандары да, Ресей, Корея, Франция елінен келген дәрігерлер де нақты диагноз қоя алмаған. Дәрігерлердің айтуынша,  АҚШ немесе Германия елдерінде

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog