|  | 

Ұстаз үні

Ұстаз көмек сұрайды

Екі бірдей перзенті дертке шалдыққан әке редакциямызға жомарт жандардан көмек сұрап хабарласты. Балжігіт ТОРЫБАЕВТЫҢ  науқасқа шалдыққан перзенттері Аружан 7 жаста,ал Бейбарыс 5 жаста. Аружан жүруден қиналса,  Бейбарыс өз аяқтарымен жүре алмайды. Ал, бұл сырқатқа еліміздің білікті мамандары да, Ресей, Корея, Франция елінен келген дәрігерлер де нақты диагноз қоя алмаған. Дәрігерлердің айтуынша,  АҚШ немесе Германия елдерінде ғана ем қолданылуы мүмкін.
«Бұл жағдайға біз 2016 жылы  Бейбарыс 2 жас 5 ай болғанда тап болдық. Бейбарысымыз аяқтарын біртүрлі сүйретіп баса бастады. Тегіс жерде сүрінетін болды. Кейіннен тіпті қадам басуды қойды. Содан, біз дәрігерлерге көрсеттік. Ешкім нақты диагноз қоя алмады. Сөйтіп жүргенде қызымызда да сондай өзгерістер пайда бола бастағанын көрдік. Бірақ, шыны керек біз бұл уақыттары аса мән бермеппіз. Тек, 2017-де наурыз айында №2 қалалық ауруханаға барған кезде мұның жай ауру еместігін,  елімізге танымал невропатолог  Маржан ЛЕПЕСОВАНЫҢ қарауына кіргенде білдік.  Есіктен кірген бойдағы дәрігердің таңданысын айта алмаймын. Бүкіл дәрігерлерді жинап консилиум өткізді, содан қорытынды шығарды. Мұны естіген ата-ананың жағдайы айтпаса да түсінікті шығар»,- дейді әкесі.
2017 жылы “Ана мен бала” ұлттық ғылыми орталығында Аружан мен Бейбарысқа нақты диагнозды білмегендіктен ешқандай емдеу шараларын жасай алмайды. Ендігі үміт шетелдік мамандарда болғандықтан,  ата-ана әлеуметтік желілерде корейлік невропатологтардың Алматыға келетінін естіп, бірден кездесуге барады. «Бізді қабылдаған олар, бұл өте ауыр ауру екенін айтып, диагнозды анықтау үшін Кореяға баруға кеңес берді» дейді балалардың әкесі,  Балжігіт Торыбаев. Алматыға келген кәріс мамандар барлық шығынды өздері көтеріп, оларды Кореяға апарады. Екі апталық зерттеуден кейін кореялық мамандар «Анықталмаған омыртқа бұлшықетінің атрофиясы» деген диагнозын қойды. Тағы қосымша оған  «Жоғары дәрежелі миопия» диагнозы қойылады. Бірақ, олар да АҚШ пен Германиядағы мамандармен хабарласуға кеңес берген. Өйткені Кореяда бұл салада мамандар жоқ болып шығыпты. «Бұл кезде Аружан тіпті қиналып кетті, өздігінен баспалдаққа көтеріле алмай қалды. Біз оны мектепке көтеріп алып барып келетін болдық» деп күрсінеді әкесі.
«Өзіміз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Мен қарапайым мұғаліммін. Анасы үй шаруасындағы әйел. АҚШ-қа апарып қаратуға шамамыз жоқ. Балаларымыздың өз аяғымен мектепке барып, қатарластары сияқты жүгіріп жүргенін әрине көргіміз келеді. Біз жомарт жандардан қол ұшын беруді сұраймыз» дейді ата-ана.
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ БІЛДІРЕМІЗ ДЕЙТІН ЖОМАРТ ЖАНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА РЕКВИЗИТТЕР:
АҚ «Kaspi Bank»
БИК: CASPKZKA
5169 4931 2544 6404
ШОТ НӨМЕРІ:  KZ89722S000001965788

АҚ « Eurasian Bank»
Number: KZ599480001A02223387
БИК: EURIKZKA
Eurasian Bank
ЖСН: 891111301830
ТАӘ: ТОРЫБАЕВА БАЛЖИГИТ СУЛЕЙМЕНОВИЧ

ШОТ НӨМЕРІ(USD): KZ97914CP84057575969,
ЖСН: 891111301830,
Банк: АҚ «Сбербанк», ЕБ
БИН: 930740000137,
БИК: SABRKZKA
Тел. +7 777 376 72 78

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

    Қазіргі білім беру моделі заман талабына сай емес – Саясат Нұрбек

    Елордада «Цифрландыру арқылы трансформация: Универсиеттер және сапаны қамтамасыз ету» атты екінші Еуразиялық форум өтіп жатыр. Шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбектің айтуынша, қазіргі уақытта білім саласындағы дүниежүзіндегі ең үлкен мәселе бұл соңғы 200-300 жылда қалыптасқан білім беру моделінің бүгінгі проблемаларды шеше алмауы болып отыр. «Бір ғана мысал

  • Ұстаздың біліктілігі мен білімі оқу ордасының деңгейін айқындамақ – профессор

    Ұстаздың біліктілігі мен білімі оқу ордасының деңгейін айқындамақ – профессор

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім беру сапасын жақсартуға қатысты мәселеге айрықша тоқталды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры мідетін атқарушы Баршагүл Исабек осылай мәлім етті. Оның айтуынша білім саласындағы күрделенген мәселенің бірі – қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтап кеткенін алға тартады. «Мұғалім – мектептің жүрегі» дейтін болсақ, ұстаздың біліктілігі мен білімі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog