|  | 

Керекті кеңес

Жаңа оқу жылының каникул күнтізбесі белгілі болды

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылының канкулдар мерзімін белгіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығы бойынша 2019 – 2020 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мерзімі бекітілді.

Аталмыш бұйрық меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру нысандарының барлығына ортақ. Құжатқа бойынша, оқу жылының басталуы 2019 жылғы 1 қыркүйекке сай келеді. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

«Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады», – делінген министр бұйырғында. Оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері төмендегідей: 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күнге, яғни, 2019 жылғы 28 қазан – 3 қараша аралығына жоспарланған.

Қысқы каникул – 2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнді қамтымақ. Ал көктемгі – 2020 жылғы 21 наурыз – 2 сәуір аралығындағы13 күнге белгіленіп отыр.

Жаңа оқу жылында 1-сынып оқушыларына қосымша каникул қарастырылған. 2020 жылдың 3-9 ақпан арылғында қосымша 7 күндік демалыс белгіленген.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Бірінші сынып оқушысы кездестіретін негізгі жағдайлар және оны қалай шешу керек?

    Бірінші сынып оқушысы кездестіретін негізгі жағдайлар және оны қалай шешу керек?

    Кез келген ата-ана үшін баласының бірінші сыныпқа баруы өте маңызды сәт. Сондықтан ата-ана балаға барлық керек-жарағын алып береді және оны психологиялық түрде мектепке дайындай бастайды. Алайда бала мектепке 100% дайын дегеннің өзінде, бірінші сынып оқушысы түрлі жағдайларға тап болады. Мұндай жағдайларда ата-ана балаға ұрыспай, оны ұялтпай, керісінше, қолдау көрсете білу керек. Үйді сағыну Балаңыз балабақшаға

  • Мұғалім, ізденіс һəм сабақ туралы бірер сөз

    Мұғалім, ізденіс һəм сабақ туралы бірер сөз

    1.Бауыржан Момышұлы соғыста жүріп күнделік жүргізген. Ол жазбалары 37 дəптерге жеткен.Бұл- Бауыржан соғыста жай жүрген жоқ анализ жасады, ойланды, толғанды деген сөз. Қан кешіп жүріп кітап диктовать етті. Содан Александр Бек “Волоколамское шоссені” жазды. Егер соғыста ізденуге, кітап оқуға болса, жайшылықта ізденуге, оқуға болады деген сөз. (Кітап оқуға уақыт жоқ, мүмкіндік жоқ дейтіндер үшін). Меніңше,

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog