|  |  | 

Үздік Ұстаз

Тоқаевтың қолынан мемлекеттік наградалар алған педагогтар кімдер?

Бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар педагогқа мемлекеттік наградалар табыстады. Бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады.

«Енді бүгінгі жиынның маңызды бөлігіне көшейік. Біздің арамызда еліміздің білім беру саласын дамытуға айрықша үлес қосқан мектеп мұғалімдері отыр. Өз ісін адал атқарып жүрген азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттағым келеді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білімді дамытудағы еңбегі және қоғамдық белсенді қызметі үшін «Құрмет» орденімен Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі физика пәнінің мұғалімі Анатолий Белиданы, Алматы облысы, Іле ауданы, М.Мақатаев атындағы №13 жалпы орта білім беру мектебі тарих пәнінің мұғалімі Гүлнәр Кәзербаеваны, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Түркістан
облысы, Кентау қаласы Ахмад Югнаки атындағы жалпы орта білім беру мектебі математика пәні мұғалімі Дәнегүл Қуатбекті, Орал қаласының Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзихан Тасқаринаны, «Шапағат» медалімен Қарағанды қаласының Н.Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты математика пәнінің мұғалімі Екатерина Непрукты марапаттады.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ақтөбелік оқушы әлем рекордын жаңартты

    Ақтөбелік оқушы әлем рекордын жаңартты

    Ақтөбеде «G-Strong Power Fest» фестивалі өтті. Алып күш иелері бақ сынаған фестиваль кезінде 9 жастағы Муса Туркумбаев кеудені жерден көтеріп ұстап тұрудан әлем рекордын жаңартты Муса Туркумбаев 7 жасынан бастап ел назарында жүр. Ол турникке тартылудан, кеудені жерден көтеруден алдына жан салмайды.  Өткен жылы Қазақстан рекордын жаңартты. «2016 жылы Астана қаласында 9 жастағы Амир Махмет кеудені жерден

  • 1 сыныптың оқушысы шахматтан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

    1 сыныптың оқушысы шахматтан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

    Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында кадеттер арасында жылдам шахмат және блиц бойынша ІІІ әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады pavlodarnews.kz. “Аталмыш зияткерлік жарыста №8 мектеп-лицейінің 1 «Ә» сынып оқушысы Ахмет Сулейман 8 жасқа дейінгі ер балалар арасында блицте 142-ден алтыншы орынға ие болды. Жаттықтырушы Сергей Мансуровтың жетекшілігімен Сулейман жарты жыл бойы шахматпен айналысады. Осы уақыт ішінде

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog