|  | 

Жаңалық

Білім министрі мектептегі бюджет пен кадр, штаб кестесі жайлы ақпараттарды ашық түрде жариялауды міндеттемек

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі бюджет пен кадр, штаб кестесі жайлы ақпараттарды ашық түрде жариялауды міндеттейтін бұйрыққа қол қойғалы жатыр.

«Бұл сұрақ бірнеше жыл бойы көтеріліп келе жатыр. Жалпы, мектептерде, білім беру ұйымдарында ашықтықты жариялау мәселесі өте өзекті.

Бюджет, штаб кестесі, тарификация – өте маңызды. Біз қазіргі таңда тиісті министрліктің бұйрығын дайындадық. Мен осы бір-екі күннің ішінде қол қоятын боламын.

Осы бұйрыққа сәйкес, барлық мемлекеттік білім беру ұйымдары өздерінің сайттарында өздерінің бюджетін ашық жариялайды. Бірақ, ол бюджетті жай ғана қоя салмай, барлық қоғамға түсінікті болатын тілмен жазып қоюға міндеттеледі. Екіншіден, штаттық кестесін, үшіншіден тарификацияны жариялауы керек. Тарификация дегеніміз – қай мұғалімде неше сағат екенін жариялайтын ақпарат», – деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Асхат Аймағамбетов бұл қадам не үшін маңызды екенін де түсіндірді. «Жемқорлық мәселесін алдын алуда бұл қадамның маңызы өте зор. Себебі, кейбір білім беру ұйымдарында штаттық кесте бойынша жұмыскерлер бар дегенімізбен, сол мектепте істеп жатқан адамдардың өздері сол адамдардың бар-жоғын білмейді. Соны жария ететін болсақ, барлық ұжым кімнің қанша сағаты барын, кімнің жұмыс істеп жатқанын, қандай лауазымда екенін білетін болады. Бұл әлбетте, жемқорлықтың алдын алуға үлкен септігін тигізеді деп сенеміз», – деді министр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Осы отырыста Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, партияның ішін тазарту керек. Біз өзімізден бастауымыз керек. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең тараған. Оқу орындарында сессияларды сатып алады,

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog