|  | 

Жаңалық

Барлық мектеп 1 қыркүйекке дайын болуы керек – Үкімет басшысы

Барлық білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100 пайыз дайын болуы керек. Премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге осындай міндет жүктеді.

«1 қыркүйекке дейін аз уақыт қалды. Өздеріңіз көріп отырғандай, шешілуі тиіс шұғыл шаруалар бар. Барлық білім беру ұйымдарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Барлық мектептердің 85 пайызы ғана жаңа оқу жылын бастауға дайын. Әкімдерге қойылатын міндет – барлық білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100 пайыз дайын болуы керек», – деді Үкімет басшысы бүгінгі отырыста.

Премьер-министр өз сөзінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысына оқулықтарды жеткізу мерзімі кешіктіріліп отырғанын ескертті.

«Қаржы уақытында бөлінбегендіктен Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қызылорда облыстарында оқулықтар қажетті дәрежеде қамтамасыз етілмеуі мүмкін. Осы мәселені бақылауға алу керек. Балаларды мектепке тасымалдау мен ыстық тамақ беру мәселесі толық шешілмеген.

Басты мәселе – көліктің жетіспеуі. Әсіресе, Түркістан мен СҚО-да. Шамамен 360 мектепте тиісті санаттағы отбасылардың оқушыларын тамақтандыру ұйымдастырылмаған. Өңір әкімдері осы мәселені шешуі керек. Гүлшара Наушақызы (Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова – авт), бұл мәселені назарға алыңыз», – деді Асқар Мамин.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Осы отырыста Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, партияның ішін тазарту керек. Біз өзімізден бастауымыз керек. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең тараған. Оқу орындарында сессияларды сатып алады,

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog