|  | 

Жаңалық

Айтыскер ақын балаларға арнап өлең түріндегі есептер жинағын шығарды

Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Ержеңіс Әбді балаларға арналған “Ержеңістің ерекше есептері” атты кітап шығарды.
Кітаптың ерекшелігі сол ондағы есептер балалардың тез жаттап алуына болатын өлең түрінде берілген. Автор баланың ойлау қабілетін дамытатын есепті бір шумаққа сыйғызған.
Айта кету керек, Ержеңіс – айтыскер ақын. Республикалық, облыстық ақындай айтысының жүлдегері. Кітаптың әр беті баланы қызықтыратындай түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Алғашқы бөлігі 1000 дана болып жарыққа шықты. “Бұл кітапты алған ата-ана не ұтады, оқыған, жаттаған және оны есептеп шығарған балаға нендей пайда?
Осы сұраққа жауап беріп көрейін:
1.Телефонға телмірген баланың назары кітапқа ауады.
2. Баланың логикалық ойлау дағдысы қалыптасады.
3. Тақпақ жаттау арқылы есте сақтау қабілеті артады.
4. Жұмбақтарды шешіп, есептерді талдау барысында отбасылық жайлы көңіл-күй қалыптасады.
5.Кітапта әр жұмбаққа бір суреттен салынды.
6.Бұл кітапқа екі суретші мен балалар психологы атсалысты.
7.Бұл кітап филология ғылымдарының докторы, математика ғылымдарының докторы және балалар ақындары мен математика пәні мұғалімдерінің кеңесімен мақұлданды”, – деп жазды автор өзінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Осы отырыста Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, партияның ішін тазарту керек. Біз өзімізден бастауымыз керек. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең тараған. Оқу орындарында сессияларды сатып алады,

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog