|  | 

Жаңалық

Білім министрлігі талапкерлер арасында танымал ЖОО-ларды атады

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қандай жоғары оқу орындары талапкерлер арасында сұраныс ие екендігін айтып берді.

«Бұл ретте, дәстүрлі түрде ұлттық университеттер жоғары сұранысқа ие. Осы орайда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін атап өткен жөн. Сонымен қатар, өңірлердегі ірі жоғары оқу орындарына тапсырған жастардың қарасы қалың. Яғни М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бар», – деді вице-министр елордада өткен брифингте.

Мұнымен қоса, биыл тағы бірнеше университет танымал болған. «Биыл алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық ІТ-универсетет өз есігін ашты. Бұл жоғары оқу орнына айтарлықтай жоғары сұраныс болды. Қазақстан-Британ техникалық универтитіне де сұраныс артты. Ал техникалық
бағыттағы ұлттық университтер арасында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін атап өтуге болады», – деді Ф. Жақыпова.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Осы отырыста Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, партияның ішін тазарту керек. Біз өзімізден бастауымыз керек. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең тараған. Оқу орындарында сессияларды сатып алады,

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog