|  | 

Жаңалық

Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

Елімізде биылғы жылдың алғашқы 6 айында 565 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы келісім жасалды, олардың басым бөлігі білім беру саласында.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз мәжілісінде ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы төрт жылда республикада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқасында мектепке дейін мекемелерге (балабақша) деген шұғыл қажеттілік мәселесі шешілген.

«1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1,29 трлн теңгеге 565 келісімшарт жасалды. Соның ішінде 565 – жергілікті және 9-ы республикалық жоба. Ең көп жоба білім беру саласында – 276 келісімшарт, денсаулық сақтау саласында – 114 келісімшарт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша – 65 келісімшарт, мәдениет және спорт – 49 келісімшарт», – дейді Тәкиев.

Ол білім беру саласындағы инвестицияның басым бөлігі балабақшаларға салынып жатқанын айтты.

«Егер объективті қарайтын болсақ, төрт жыл бойы бүкіл елде мектепке дейінгі мекемелердің қажеттілігі МЖӘ механизмі арқылы жабылған. Бүгінгі күні МЖӘ механизмі арқылы 29,5 мың орындық 219 балабақша салынған», – дейді вице-министр.

Бек ТӨЛЕУОВ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Осы отырыста Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, партияның ішін тазарту керек. Біз өзімізден бастауымыз керек. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең тараған. Оқу орындарында сессияларды сатып алады,

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog