|  | 

Ұрпақ тәрбиесі

Балаларға қандай сыйлық ұсынған дұрыс?

Балаға ұдайы түрлі сыйлықтар жасап тұрған дұрыс. Бірақ сыйлықты талғаммен және  кез келген баланың жас шамасын ескере отырып таңдағаныңыз абзал. Бүгін біз ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып балаларға қандай сыйлықтар ұсыну керектігі жайлы аз сөз қозғамақпыз.

Ойыншық – баланың рухани азығы. Ойыншықтарды олардың танымдық және тәрбиелік рөлін ескере отырып таңдайды. Бірақ өте қымбат ойыншықтар мен өте көп ойыншық балаларға зиянды, ол тоқмейілсушілік, шектеулік, өзімшілдік секілді нашар қасиеттерді ұялатады.

Екінші бір сыйлық балаға жас кезінен бастап оның түсінуіне жеңіл суретті кітапшалар. Суретті кітапшалар сыйлап, сол арқылы оның бойына кітапқа деген сүйіспеншілік дарытуға, оны күтіп ұстауға үйретуге болады.

Оларға жас кезінен бастап сурет салуға арналған құралдар, бастапқыда қарындаш пен бор, ал одан соң акварель  бояуларын (4-5 жасқа толған соң), сыйлауға болады.

Мектеп оқушыларына жасына сай оқитын ктіап, мектеп жабдықтарын, үстелге қойып ойнайтын ойындар  немесе дойбы, шахмат ойындарына арналған бұйымдарды, велосипедті сыйға тартуға болады.

Есі кіріп қалған бүлдіршінге доп, шаңғы, шана,ролик, бокс қолғабын тарту етсеңіз де пайдалы болмақ.

Балаларға бұлардан басқа сыйлыққа тәтті тағамдар, жемістер және киім-кешектер берген ұнайды. Тіпті екі жасар қыздың өзі әдемі туфлиді, көбелекті, ленталы көйлектерді, алжапқышты бағалай біледі.

Баларға қолыңыз босап жатса ұнататын тағамдарын дайындап беріп, қыдыртуға алып шығыңыз. Мереке күні  хайуанаттар бағына, театрға алып барсаңыз, бала санасында  ерекше әсер қалатындығы анық.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қиын балаларды қатарға қосу қиын ба?

    Қиын балаларды қатарға қосу қиын ба?

    Қазақ қашанда саналы ұрпақ тәрбиелеуді назардан тыс қалдырған емес. Ал қазіргідей жария қоғамда бала тәрбиесі бұрынғыдан бетер алаңдатады. «Қиын бала» ұғымы педагог-психологтар арасында өткен ғасырларда-ақ кең тарады. Осы тақырып төңі­ре­гін­де көпте­ген еңбектер жарық көр­ді. Соның бірі – ағылшын пси­хиатры Стэнли Турецкийдің (Stanley Turecki) «Қиын бала» кітабы. Аталған еңбе­гінде автор алдымен «Сізде қиын бала бар ма?»

  • Бала еңбегі: қажеттілік пе, тәрбие ме?

    Бала еңбегі: қажеттілік пе, тәрбие ме?

    Абай атамыздың «Жаздыгүн шілде болғанда» деген сөзі ойға оралғанда бірден балалардың алаңсыз асыр салып ойнап жүргені көз алдыңа келеді. Оқушылар каникулға шығып, бір бөлігі лагерь жағалап, шамасы жеткені ата-анасымен шетел асып қыдырады. Ауылдың қарадомалақтары қаланы көргісі келсе, қаланың балалары ауылдағы ата-әжесіне тартып тұрады. Осылардан елеусіздеу тағы бір топ бар, олар – жұмысшы балалар. Ат жетектеу

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog