|  | 

Жаңалық

Білім министрі баланы алты жасынан мектепке қабылдауға қатысты пікір білдірді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды 6 жасынан мектепке қабылдау тәртібіне қатысты түсінік берді,

Бұдан бұрын хабарланғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров балаларды 6 жастан
мектепке қабылдауға қатысты министрге үндеу жолдаған еді. «Омбудсменнің үндеу хатына тоқталсақ, бұл
ақпаратты жаңалықтардан оқыдым. Менің ойымша, біз бұл үндеуді ресми түрде қарастырып, белгіленген тәртіпте жауабын береміз. Өздеріңіз білесіздер, үш жыл бұрын бұл норма қабылданып, заңға енгізілді. Сондықтан бұл норма жаңалық емес. Сонымен қатар, айыппұл салынады дегенді нақтылай алмаймын, яғни балалар алты жасынан мектепке бармағаны үшін бізде айыппұл қарастырылмаған», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы еліміз бойынша бірінші сыныпқа 320 мың бүлдіршін барып, оның ішінде 60 пайызы алты жаста болған. «Өткен жылы да 6 жасынан мектеп табалдырығын аттаған бала санына талдау жүргіздік, олардың 80 пайызға жуығы алты жасында оқушы атанды. ЮНЕСКО мәліметі бойынша әлемнің 134 елінде алты жастан мектепке барады. Әрине, балалардың дербес ерекшеліктері бар
және осыны біз ескеруіміз керек», – деді А. Аймағамбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Осы отырыста Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, партияның ішін тазарту керек. Біз өзімізден бастауымыз керек. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең тараған. Оқу орындарында сессияларды сатып алады,

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog