|  | 

Жаңалық

Ректорларды конкурстық негізде іріктеген дұрыс – Білім министрі

Ұлттық университет ректорларын конкурстық негізде іріктеу дер кезінді әрі дұрыс жасалып отырған шара. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Осы бүгінгі баспасөз мәслихатына келе жатқан жолда әлеуметтік желілерді шолып шықтым. Бұл ретте аталған бастамаға қоғам реакциясы өте позитивті екенін байқадым. Жазылған пікірлердің басым бөлігінде тұрғындардың, ұстаздар мен ЖОО басшылығының ұстанымы позитивті. Жалпы, конкурстық іріктеу шешімді қабылдаудың ашықтығын, бәсекелестікті қамтиды. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз тиісті құжаттарды дайындаймыз», – деді Білім және ғылым министрі.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты қабылдады. «ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкімет қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды Президент жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», – деп
жазды Мемлекет басшысы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Осы отырыста Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, партияның ішін тазарту керек. Біз өзімізден бастауымыз керек. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең тараған. Оқу орындарында сессияларды сатып алады,

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog