|  | 

Жаңалық

Білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бекітіледі

2019 жылдың соңына дейін Білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі. Жалпы саны 500 мектеп тұрғызу жоспарланған. Оның ішінде 100-ден астам мектеп жан басына шаққандағы қаржыландыру есебінен салынады», – деді Асқар Мамин.

Одан бөлек, мемлекеттік жеке кәсіпкерлік механизмі бойынша 3 мыңға жуық жаңа балабақша
ашылады. 2021 жылы мектептерде, колледждер мен ЖОО толығымен жаңа оқыту бағдарламаларына көшеді.

«Сонымен бірге, шағын мектептерде білім беру сапасын жақсартуға, ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықты жоюға ерекше көңіл бөлінеді, – деп түсіндірді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы техникалық білім беруді экономика қажеттіліктеріне бағыттау үшін колледждерді
трансформациялау және жұмыс берушілердің сенімгерлік басқаруына беру жұмыстары басталды.

«Еліміздің 390 колледжіне халықаралық WorldSkills стандарттары мен модульдік бағдарламалары енгізіледі. Колледждер жүйесін нарық талабына қарай оңтайландыру басталады. Жатақхана орнымен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың соңына қарай 75 мың орын қолданысқа беріледі, оның 8 мыңы биыл беріледі», – деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ, Премьер ғылым саласында оның тиімділігін арттыру үшін ғылымды қаржыландыру мен
басқарудың жаңартылған жүйесі енгізілетінін жеткізді. Бұл жүйе бөлінетін қаражаттың ашықтығын және тиімділігін көрсетпек.

Айта кетейік, елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Осы отырыста Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, партияның ішін тазарту керек. Біз өзімізден бастауымыз керек. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең тараған. Оқу орындарында сессияларды сатып алады,

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog