|  | 

Жаңалық

Қазақстанда жаңа білім бағдарламасы қабылданады

Жыл соңына дейін «2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама» бекітіледі.

Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Осы жылдың соңына дейін «2025 жылға дейін білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы» бекітіледі. Оның аясында үш кезеңдік мектеп мәселесі шешіледі», – деді ол.

Премьер-министрдің хабарлауынша, елімізде 100-ден астам жекеменшік мектеп пен 3 мыңға жуық балабақша ашылады.

«Барлығы 500 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде өздігінен қаржыландыру есебінен 100-ден астам жекеменшік мектеп ашылады. Бұдан бөлек мемлекеттік-жекешелік кәсіпкерлік механизмі бойынша 3 мыңға жуық жаңа балабақша ашылады», – деді Мамин.

Айтуынша, 2021 жылға қарай еліміздегі мектеп, колледж және ЖОО-лар оқудың жаңа бағдарламасына толық көшеді.

«Мұнымен бірге кішігірім мектептердің білімінің сапасына, ауыл және қала мектептерінің арасындағы айырмашылықты азайтуға ерекше назар аударылады… Жатақханаларда орынмен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орын, осы жылдың соңына дейін 8 мың орын пайдалануға беріледі», – деді премьер-министр.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы ғылым саласында оның тиімділігін арттыру үшін ғылымды қаржыландыру және басқарудың жаңартылған жүйесі енгізіліп жатқанын атап өтті. Ол процедуралардың ашықтығы мен бөлінетін қаржының тиімділігін қамтамасыз етеді екен.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев еліміздегі тұрғындардың несие қарызын өтеумәселесінің қалай жүріп жатқанын айтқан болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Осы отырыста Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, партияның ішін тазарту керек. Біз өзімізден бастауымыз керек. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең тараған. Оқу орындарында сессияларды сатып алады,

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog